Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет119/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   199
лингвистикалық  философия  пайда  болды.  Л.  Витгенштейннің  пікірінше 
дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние – логикалық кеңістіктегі 
фактілер. 
Адамның  қоршаған  табиғи  және  әлеуметтік  байланысының  жалғыз 
формасы  –  тіл.  Басқаша  айтсақ,  адамның  ойындағы  бейнесі  тілдің  құрылымы 
ерекшеліктері  арқылы  анықталады.  Адамның  дүниесі  оның  тілінің  дүниесі. 
Адам дүние туралы тілдің табиғатына сәйкес дұрыс пайымдауы мүмкін, немесе 
тілдің табиғатын бұзып бұрыста айтуы мүмкін, онда адасу, шатасу басталады. 
Көптеген 
теориялық, 
тіпті 
әлеуметтік 
проблемалар 
тілді 
дұрыс 
қолданбағандықтан шығады. 
Қолданып  жүрген  тіл  жетілмеген.  Философияның  міндеті  –  біздің 
ойымызды және сөйлемдерді түсінікті ету. 
Адам  іс  әрекетінің  жетекші  саласы  ретінде  ғылым  өз  тарихында  өзін 
дәйектеу  проблемасынан  әлі  айырылған  жоқ.  Осындай  проблемалар  туралы 
әртүрлі  пікірлер  жүйесі  өте  маңызды  философияның  бір  бөлімі  ғылымдар 
философиясын  құрайды.  Ғылымдар  философиясының  алға  қойған  мақсаты, 
ғылымның  нәтижелерін  бағалау  критерийлерін  негіздеу,  ғылымдағы  маңызды 
өзгерістерді  байқап  және  бағалау,  сонымен  бірге  ғылыммен  және  жалған 
ғылымның  арасын  ажырату  (демаркациялау).  Философиялық  білімде  ғылым 
туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) 
бағыт  ұстанса,  екіншілері  ғылымды  философиялық  тұрғыдан  терең  талдап 
оның  шығуын,  дамыун  негіздеуге  күш  салды.  Осындай  философиялық 


147 
 
қағидалар  (концепция),  онша  көп  емес.  Оған  постпозитивизмді  жатқызуға 
болады. 
Осы  философиялық  бағыттың негізін XX  ғасырдың  30  – шы  жылдары  К. 
Поппер  салды.  Позитивизммен  неопозитивизмнің  жасаған  ғылым  картинасы 
XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды. 
Қалыптасқан 
жағдайға 
жан 
бітіріп 
тәуекел 
еткен 
ғылымдар 
философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. 
Фейерабенд  және  т.б.  Олардың  арасында  да  әртүрлі  пікірлер  бар. 
Неопозитивизмді 
ауыстырған 
«постпозитивизм» 
ұғымы 
әртүрлі 
концепциялардың жиынтығын қамтиды. 
Олардың  әртүрлілігіне  қарамастан,  барлығына  ортақ  идеяларын  шамамен 
төмендегідей қарастыруға болады: 
1)  ғылымды  теориялық  тұрғыдан  түсіну  ғылыми  білімнің  динамикалық 
картинасын құрғанда ғана мүмкін; 
2)  ғылыми  білімнің  өзінің  табиғатынан  тұтас,  оны  бір  бірінен  тәуелсіз 
эмпирикалық  және  теориялық  деңгейге  бөлуге  болмайды,  өйткені  көрінген 
эмпирикалық білімнің теориялық «жүгі» бар; 
3)  философиялық  концепциялар  (онтологиялық  және  методологиялық) 
нақты  –  ғылыми  білімдер  тығыз  байланыста.  Философия  ғылымның  дамуына 
шек  қоймайды, философиялық ой-пікірлер  ғылымның  «пәніне»  айырылмастай 
кірген; 
4)  ғылыми  теориялар  бір  бірінен  тәуелсіз,  көп  жағдайларда  оларды 
салыстыруға болмайды;  
5)  ғылыми  білімдерді  өзгертудің  мақсаты  ақиқатқа  жету  емес,  алдағы 
«таяу» тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете 
түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды 
теорияларды құру және т.б. 
Енді,  постпозитивизмнің  кейбір  белгілі  өкілдеріне  назарымызды 
аударайық:  К.  Поппер  –  ғылымның  философиялық  концепциясын  жасаушы. 
Поппер 
неопозитивизмнің 
ғылыми 
сөйлемдерді 
верификациялау 
концепциясының  сәтсіздігін  заңды  дейді.  Еске  сала  кетейік,  неопозитивизм  – 
көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады. 
Ғалымдар  жаналықты  ашқанда  фактіден  теорияға  өтпейді,  керісінше 
гипотизадан  жалқы  пайымдауға  өтеді,  яғни  гипотетико-дедуктивті  әдісті 
пайдаланады  дейді.  Поппер  ғылыми  принциптерді  фактілер  арқылы  тексере 
алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны 
жоққа шығаруға талпыну керек. 
Сонымен,  К.  Поппер  ғылыми  біліммен  жалған  білімді  айырып  алу  үшін 
фальсификация  принципін  ұсынады.  Ғылым  мен  философия,  К.  Поппердің 
пікірінше  әртүрлі  бір  –  біріне  ұқсамайтын  құрылымдар.  Философиялық 
тұрғыдан  ғылыми  ақиқаттылықтың  жолы  жалған  білімдерден  әлсін-әлсін 
тазарып  отыру.  Оған  мысал  ретінде  Поппер  марксизм  философиясын  алады. 
Алғашқы  кезеңде  марксизм  концепциясында  ғылымилықтың  белгісі  болған, 
өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, 


148 
 
қайшылықтары  айқындала  бастағанда,  теорияны  «құтқару»  мақсатында  ол 
қайшылықтарды  түсіндірумен  айналысып  фальсификация  принципін  бұзды. 
Сондықтан,  К.  Поппер  марксизмді  жалған  теория  деп  есептейді.  Философия 
ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны 
мағынасыз  деп  айта  алмаймыз.  Фальсификация  принципі  арқылы  ғылым  мен 
философияның  арасын  ажыратамыз.  Осы  принцип,  философиялық  білімдер 
жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің 
пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші. 
Осы  пайымдаулардың  авторының  философияны  жақтап  шыққаны 
байқалады,  басқа  позитивистер  сияқты  оны  жоққа  шығармайды,  бірақ 
философияның  пәні  тарылған.  Философия  ғылым  болғысы  келсе  сынмен 
айналасуы  керек.  Философиялық  іс-әрекет  «сыни  рационализм»  өкілдерінің 
пікірінше тек сындарлы әрекет. 
Сонымен,  К.Поппер  ғылымды  теориялық  деңгейде  тұтас  жүйе  ретінде 
талдауды  ұсынады.  Көрінген  теория,  ғылым  статусын  сақтағысы  келсе, 
тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек. 
Егер теория жоққа шығарылмаса, оны ғылым дей алмаймыз. 
Фальсификация принципінде кейіннен сынға ұшырайды. 
Теорияны  жоққа  шығару  –  оны  фальсификацияға  ұшырату  емес, 
фактілерді жақсы түсіндіре білетін басқа теориямен ығыстыру. Осы мақсатпен 
ғылымды  эмпириялық  және  теориялық  деңгейде  ғана  қарастырмай, 
ғылымилықтың  мазмұнды  нормаларын  беретін  метатеориялық  деңгейде  де 
қарастыру керек деген ұсыныс болды. 
Томас Кун осы ұсынысты ескере отырып философияға жаңа  «парадигма» 
ұғымын кіргізді. 
Парадигма  -  барлық  ғылыми  қауымдастық  қабылдаған  ғылыми  нәтиже. 
Оның  көмегімен  ғылыми  проблемаларды  қоюға  және  оны  шешудің  әдістерін 
қарастыруға  болады.  Парадигма  ауысқан  уақытта,  ғылыми  нормалар  да 
ауысады.  Әртүрлі  парадигмалардың  аясында  қабылданған  теорияларды 
салыстыруға  болмайды,  өйткені  ғылымилықтың  әртүрлі  стандарттарына 
негізделген.  Парадигма  деңгейінде  ғылыми  біліммен,  жалған  білімнің  арасын 
ажырататын нормалар қалыптасады. 
Кун  ғылымның  дамуын  парадигмалардың  ауысуымен  байланысты 
революциялық процесс деп біледі. Ғылым дамуы екі кезеңнен өтеді. Қалыпты 
кезеңде ғылыми ғылым бір нақты парадигманың аясында дамиды. Осы уақытта 
эмпириялық  фактілер  жинақталады  және  қолданылып  жүрген  әдістердің 
көмегімен түсіндіріледі. Уақыт өткен сайын ғылыми қауымдастық қолданылып 
жүрген  әдістермен  принциптерге  күмәндана  бастайды,  өйткені  жаңа  фактілер 
тұрақтанып қалған ғылыми тұжырымдарға қайшы келетіні байқалады. Осының 
нәтижесінде  жаңа  фактілерді  түсіндірудің  жаңа  әдістері  қалыптасады.  Осыған 
байланысты  ғылыми  қауымдастық  ескі  парадигмадан  бас  тартып,  жаңа 
парадигмамен  санасуы  керек.  Осы  сәтті  Т.  Кун  ғылымның  дағдарысы  деп 
атайды.  Ғылыми  қауымдастықтың  көпшілігі  жаңа  парадигма  ғылыми 
мақсаттарды шешудің дұрыс амалын ұсынады деп сенуі керек. 


149 
 
Дегенменде,  сенім  ғылыми  зерттеудің  логикасында  жатқан  рационалдық 
негізге  сүйенеді.  Кейіннен  Т.  Кун  парадигманы  дисциплинарлық  матрица 
ұғымымен  алмастырды.  Дисциплинарлық  матрица  осы  нақты  дәуірде  басым 
ғылымилықты  анықтайды,  сонымен  бірге  ғалымнан  белгілі  ойлау  тәсілін, 
мінез-құлқын қажет етеді. 
Ғылымның  дамуы  туралы  И.Лакатос  ұсынған  концепция  Т.Кунның 
позициясына жақын. 
Ғылымның  дамуы  ғылыми-зерттеу  бағдарламасының  ауысуы  арқылы 
жүреді.  И.Лакатос  ғылыми-зерттеу  бағдарламасын  екі  кезеңге  прогресс  және 
регресс  деп  бөледі.  Ғылыми  қауымдастық  көбінесе  прогрессивті  зерттеу 
бағдарламасын  таңдайды,  өйткені  бағдарлама  фактілерді  түсіндіріп  қана 
қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі. 
Ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуын И.Лакатос ғылыми революция 
деп  атайды.  И.Лакатостың  пікірінше  ғылымның  даму  тарихы  осы  ауысып 
отыратын  бәсекелес  зерттеу  бағдарламалардың  күресі  арқылы  толық 
анықталады.  И.Лакатос  ғылымның  ішкі  және  сыртқы  даму  тарихын  айырады. 
Ғылымның  ішкі  тарихы  идеялар  мен  методологиялардың  ауысуы,  ал  сыртқы 
тарихы жеке тұлғалармен, ғылымды ұйымдастыру формаларымен байланысты, 
яғни ғалымдардың іс-әрекетіне тәуелді. 
П.Фейерабендтің пікірінше бір мезгіл аралығында өзара көптеген білімнің 
түрлері бар, ал ғылымның ішінде-көптеген өзара тең теориялар бар. Ғылымның 
дамуы  әртүрлі  теориялардың  бәсекелестігі  арқылы  жүреді.  Олай  болса 
ғалымдар  альтернативті  теорияларды  көптеп  жасай  берулері  керек.  Олар  бір-
бірімен  жарыса  отырып,  өздерінің  бастапқы  принциптерін  айқындап  алады, 
өзара  сынасады,  ақырында  ғылымның  дамуына  көмегі  тиеді.  Әртүрлі 
парадигманың  негізінде  қалыптасқан  теорияларды  салыстыруға  болмайды, 
тіпті  көрінген  екі  теорияны  салыстыра  алмайсың.  Олардың  әрқайсысының 
негіздері  әрқилы.  П.Фейерабенд  рационалды  ойға  қарсы.  Ғылым  тарихына 
сүйене  отырып,  ол  қабылданған  ғылым  стандарттарымен,  нормалардың 
негізінде рационалды емес компоненттер жатыр дейді. «Ғылымның құндылығы 
неде?  Шынымен  ғылым  хоппи  космологиясынан,  Аристотель  ғылымы  мен 
философиясынан,  дао  ілімінен  артық  па?  Немесе,  ғылым-нақты  бір  тарихи 
жағдайларда  пайда  болған  мифтердің  бірі  шығар?»  деген  сұрақтар  қоямыз. 
Байқасақ, рационалды іргетасының негізінде салынған үй берік емес екен. 
Ғылым  туралы  біздің  түсінігіміз,  оның  қазіргі  өркениеттігі  алдыңғы 
қатардағы  орнымен  байланысты.  Соған  табынамыз.  Сондықтан,  ол  ғылым 
діннің  бір  вариантына  айналған,  өйткені  дүниені  түсінудің  ғылыми  емес, 
ғылымнан  тыс  формаларын  мойындамайды,  тіпті  жоққа  шығарады. 
Сциентизмді осы тұрғыдан алсақ ғылыми-теориялық фанатизм дейміз. 
Ғылым,  дейді  Фейерабенд,  өзінің  көптеген  параметрлерімен  мифологияға 
жақын.  Ол  қазіргі  заманның  мифі,  немесе,  дәлірек  айтсақ  қазіргі  мәдениеттің 
мифологиясы. Ғылымды негіздеу, көрінген мифті негіздеу сияқты-рационалды 
дәлелдер келтіру арқылы емес, сенім арқылы жүргізіледі. 


150 
 
Ғылым теорияның құрылымы да мифологияға жақын. Екеуінде де өзгеріс 
барысында  бұзылмайтын  орталық  идея  бар.  Мифологияның  өзекті  идеясы-
тиым салу жүйелері, ал ғылымда оны концепцияның фундаменталды негізі деп 
атаймыз.  Осы  негізге  сәйкес  келмейтіндерді  жарамсыз  дейді,  немесе  жоққа 
шығара  салады.  Осы  сияқты  дейді  Фейерабенд,  ғылымның  дүниені  түсінудің 
басқа  формаларына  қарағанда  нақтылығы,  қисындылығы  туралы  пікірде 
күмәнді. 
Сонымен,  ғылымның  сциентикалық  методологиялық  үлгісі,  көрінген 
идеологиялық  немесе  діни  жүйе  сияқты  рас  ғылымнан  алыс  тек  идеалды 
құрылым. Ғылым ақыл-ойдың ғана туындысы емес. Оның бойында рационалды 
емес элементтер жетерлік. Осындай фактілермен санасу керек. Болмысты және 
оның  формаларын  рационалды  тұрғыдан  ғана  түсіндіру  жеткіліксіз,  өйткені 
рационалды  танымның  шегі  бар.  Танылмаған  сфералар,  танылған  сфераларға 
қарағанда 
сондай 
ауқымды,  сондықтан  дүниенің 
иррационалдығын 
мойындауымыз дұрыс болған болар еді. 
Әдебиетте  Фейерабендтің  көзқарасын  постпозитивистік  дәстүрде 
қарастырады.  Бірақ  осы  бағыттың  кейбір  өкілдері  қатаң  сциентистік  бағыттан 
бас тартып, ғылымды кең әлеуметтік-мәдени контекстте зерттеуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет