154
Юнг, Э. Фромм.
Психоанализдің бастамасы
Фрейд ашқан екі жаңалық болды, олар:
1. бейсаналық
– санамен қатар тіршілік ететін және белгілі жағдайда сананы
бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша
психикалық реалдылық;
2. ығыстыру реакциясы
– жағымсыз эмоция, теріс тәжірибе т.б. адамның
психикалық саулығы мен теп-теңдігін бұзатынның бәрінің психикалық
қорғаныш тәсілі ретінде санадан ығыстыру.
Ол ерте ме, кеш пе «кездейсоқ» әрекет, қылық, түсініксіз мінез түрінде
белгі береді.
12 - сызбанұсқа. Зигмунд Фрейд. Психоанализ әдістері
Бейсаналықтың ерекше формасы – түс. Түс – шын өмірде іске аспаған
тілек пен ұмтылыстың орындалуы мен көрініс беруі.
Фрейд психиканың екі схемасын ұсынды: топографикалық және
динамикалық.
Топографиялық схемада
бейсаналық – түрлі ойлар мен тілектер адам
сезімдері өз кезегін күтіп тұрған дәліз түрінде бейнеленеді.
Динамикалық схемада психика үшке бөлінеді:
1.
«Ол
» - адам ойлары мен тілектері сақталған бейсаналдық әлем
;
2.
«Мен
» - психиканың барлық бөліктерін біріктіріп тұрған адам санасы
;
3.
«Жоғарғы-Мен
» - тұлғаға ықпал ететін, қысым жасайтын сыртқы
шынайылық: заңдар, тиымдар, мораль, мәдени дәстүр
«Мен» «Олды» өзіне бағындыруға тырысады. Оның сәті сирек түседі
керісінше «Ол» «Менді» өзіне бағындырады. «Менді» «Жоғарығы-Мен» де
(тиымдар, нормалар) бағындырады.
Бейсаналықтың ядросы не? – деген сұраққа Фрейд екі психоаналетикалық
жүйе жасады: бірінші жүйе бойынша бейсаналықтың негізі –
«Либидо» -
сексуалды инстинкт
. Адамның психикалық әрекеті дегеніміз – оның сексуалды
инстинктінің түрлену процесі. Екінші жүйе
бойынша орталық ұғымдар
Эрос
Достарыңызбен бөлісу: