144
Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық
бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метафизикаға, яғни
болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы
философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы
және насихаттаусышы
Огюст Конт (1798-1857 жж.).
О. Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу
емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген.
Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін,
яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір
құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп
санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.
Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді
ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп
дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы
білім береді. Философия адамның
дүниетанымдық
белсенділігінің көрінісі. «Позитивті философия курсында» Конт ғылымдардың
классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың
орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология,
социология, этика және т.б.
Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың
интелекттуалды дамуының «үш сатысы» туралы заңын өзінің ғылымға қосқан
жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының
кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық
құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метафизикалық
сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы
түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу
тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.
Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті.
Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.
Достарыңызбен бөлісу: