Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет120/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   199
Прагматизм – ілімінің өзегі адам және оның іс-әрекеті. XIX ғасырдың 70 
жылдары Америкада шығып, XX ғасырдың бірінші жартысында басқа елдерге 
кең тарайды. 
Негізгі идеясы Ч. Пирстың (1839-1914 жж.) есімімен байланысты, ал ары 
қарай  дамытушылар  У.  Джеймс  (1842-1910  жж.),  Д.  Дьюи  (1859-1952  жж.). 
Сөздіктерде  «прагматизм»  терминінің  шығуын  «іс»,  «әрекет»  сөздерінен 
туындатады.  
Пирс өзі ұсынған терминді И. Канттың «прагматикалық 
сенім»  ұғымынан  туындағанын  айтады.  И.  Кант  «Таза 
ақылға  сында»  былайша  түсіндіреді.  Адамға  әрекет 
қажеттілігі туғанда, бірақ жағдай әлі айқын емес, және істің 
немен  тынары  туралы  білім  болмаса,  онда  оған  бірер 
ұйғарымға  келіп  сену  керек,  яғни  сенімге  негізделген  іс-
әрекет  мақсатқа  жеткізеді.  Білім  негізделмей,  сенімге 
негізделген  іс-әрекет  Пирстің  жаңа  философиялық 
доктринасының өзегі. 
Пирс адамның ой-санасының негізгі екі күйін-ахуалын 
айырады.  Бірінші  күйінде  күмәншілік  сана  тартыншақ,  көмескі,  екі  ұшты, 
әртүрлі  пікірлердің  арасындағы  солқылдақ  сана.  Пирс  күмәншіл  сананың 
эмоциялық  сипаттамасында  ұмытпайды.  Күмәншіл  сана  мазасыз,  күйгелек 
дейді.  Сенімнің  күйінің  эмоциялық  сипаты  жағымды,  сабырлы,  байсалды. 
Сенім  субъектісі  іс-әрекетке  дайын,  өйткені  сенім  тұрақты,  үнемі  жүріп 
жатады, тіпті дағдыға айналған. 
Адам  (мүдделі  адам)  күмәндану  жағдайынан  құтылып  сенімнің  байсалды 
қалпіне  жетуге  талпынады.  Біріншіден  екіншіге  ойлау  арқылы  жетеді.  Ойдың 
жалғыз фүнкциясы тұрақты сенімге жеткізу. Осыдан басқа ойдың қызметі жоқ. 


151 
 
Сенім  ақиқатпа  әлде  жалғанба,  соған  қарамастан,  адам  тұрақты  сенімге 
жеткеніне қанағаттанады. Сонымен бірге, адамдағы сенім тұрақты болса, онда 
ол оны ақиқат деп біледі. Дәстүрлі таным теориясының мақсаты – білім, ал ой 
ақиқат білімге жеткізетін жол. 
Прагматизмнің  «мүдделі  адамы»  күмәнданудан  босап  психологиялық 
қанағат,  эмоциялық  тыныштық  табады.  Білім  мақсат  емес,  «мүдделі  адамға» 
тыныштық әкелетін сенім керек. Егер адам танымға емес, тұрақты сенімге және 
жан  тыныштығына  жетуге  мүдделі  болса,  онда  ойлаудың  нәтижесін  ақиқат 
немесе  жалған  демей,  жақсы  немесе  жаман  деп  бағалау  керек.  Пирс  танымды 
жоққа  шығармайды.  Танымның  алғы  шарты  –  құбылыс,  көрініс.  Ақиқат  – 
сенімге  негізделген  білім.  Ғылымда  жеке  ақиқат  жоқ,  ақиқат  жалпыға  бірдей 
болу керек. Ол үшін білгір зерттеушілер, егер зерттеу процесі ұзаққа созылса, 
міндетті түрде келісімге келіп мәжбүр етілген ақиқатқа жетер еді. 
Ақиқатты осылай түсінуді, кейінгі прагматистер қабылдамады. 
Пирс  көпқырлы  ғалым:  химик,  астроном,  логик,  философ,  математик, 
семиотика ілімін жасаушы.  
Джон  Дьюи  –  американдық  прагматистердің  ең 
беделдісі.  Ол  алғашқы  кезеңде  психологиямен,  білім 
психологиясымен  айналысады.  Кейінен  педагогикаға 
ықыласы ауып «прогрессивті білім алу» атаулы теориясын 
жасаған.  Дьюи,  мектептің  міндеті  баланың  басын  толтыру 
емес,  оның  қабілетін  ашуға  көмектесу  деп  білген.  Дьюи 
философияның  көптеген  мәселелерімен  айналысқан  өнімді 
жазушы. 
Дьюи  философиясының  негізгі  ұғымы  –  тәжірибе. 
Тәжірибе  кең  мағынада  алынады,  яғни  адам  өмірімен  байланысты  әлеуметтік, 
рухани,  табиғи,  мәдени  көркем  құбылыстардың  барлығы  да  тәжірибе.  Адам 
тағдырына әсер ететіннің барлығы тәжірибе. 
Адамның  санасы  тәжірибені  алып  жүруші.  Философияның  міндеті  және 
соның  көмегімен  тәжірибенің  өзін  жетілдіру.  Дьюи,  алдыменен  әлеуметтік 
өмірді қайта құрып, адамдардың өмірін жақсарту деп түсінген болар. Ол үшін 
ол  білім  жүйесін  өзгертуді  ұсынады.  Шындығында,  қай  мемлекетте  болмасын 
орта және жоғары білімнің деңгейінің төмендегені баршаға аян. Оның ұсынған 
педагогикалық жүйесін қатты сынаған, бірақ ол осы мәселені қоя білді. Ағарту, 
білім жүйесін реформалау қоғамды жетілдірудің шешуші құралы немесе әдісі. 
Тәжірибені жетілдірудің тағы бір жолы «жоғарғы технологияның» ғылыми 
әдістерін  пайдалану.  Адамзат  ғылыми  техниканы  жетілдіруде  көрнекті 
нәтижелерге  жеткенімен,  солардың  ғылыми  әдістерін  қоғамды  басқаруға, 
саясатта,  әлеуметтік  өмірде  қолданбады.  Әуелі,  осы  ғылымдардың  әдістерін, 
білім алуға қолдану керек. Ол үшін ғылыми әдістерді логикалық қайта құрудан 
(реконструкция)  өткізу  парыз.  Сонымен,  тәжірибені  реконструкциялаудың 
үшінші  жолы  –  ойлауды  жетілдіру.  Дьюи  эмпирикалық  сипаттағы  ғылыми 
әдісті  қолдануда  қиыншылықтар  кездеседі  дейді.  Ондай  қиыншылықтардан 


152 
 
шығудың жолы логиканы, қалай түсінетіні туралы, көпшілік қауымға арналған. 
«Біздер қалай ойлаймыз?» деген еңбегі бар. 
Адамның тәжірибесі (адамның өмірі) өзгерісте болғандықтан, айқын емес, 
тіпті кейде қатерлі, тұрақсыз. Тәжірибе тәуекелмен байланысты. Адам барлық 
істе,  тұрақтылықты,  айқындылықты  қажет  етеді.  Осыған  жауапты,  Дьюи 
Платон  философиясынан  табады.  Платон  дүниені  екіге,  идеалды  және 
материалды  дүниеге  бөлген.  Материалдық  дүние  сезім  арқылы  қабылданады, 
сондықтан  оны  көрінген  таный  алады,  ал  идея  дүниесіне  ақылдың  көмегімен 
жететін  болғандықтан  оған  ерекше  қабілет  керек.  Сезімдік  таным  қарапайым, 
физикалық  еңбекпен  айналысатын  білімсіз  адамдарға,  құлдарға,  жер 
өңдеушілерге тән, ал идеялар рухани дамыған, білімді адамдардың үлесі. 
Осындай,  әлеуметтік  еңбек  бөлісі  ертеден  келе  жатыр  және  екі 
дүниетанымды  қалыптастыруға  себебін  тигізді  (материалистік,  идеалистік). 
Бірақ, ол уақыт өтті, қазіргі демократиялық қоғамда қол еңбегі мен ой еңбегін 
қарсы  қоюға  негіз  жоқ,  олардың  арасы  жақындасқан  сайын  бірте-бірте  өше 
бастайды.  Жалпы,  Дьюи  абсолютті  білімге,  ақиқатқа  қарсы.  Кейбіреулер  – 
дейді  Дьюи,  жетілген  қоғамды,  жетілген  білімді  және  басқа  да  игіліктерді 
дайын  күйінде  алғысы  келеді,  өйткені  олар  адамның  табиғаты  өзгермейді  деп 
сенеді. Шыңдығында адамның табиғаты құбылмалы. 
Дьюи, абсолютті ақиқат, яғни өзгермейтін, толысып біткен білім болмайды 
–  дейді.  Егер  теория  немесе  пайымдау,  алға  қойған  мақсатымызды, 
жоспарымызды іске асыруға көмектесіп, дұрыс нәтиже берсе, онда біздер алғыс 
айтқандай теорияны ақиқат білім деп атаймыз. Осындай пікір тек Дьюиге емес, 
барлық прагматистерге тән.  
Сонымен, білімді алудың процесін Дьюи төмендегіше түсіндіреді. Ғылыми 
әдістің,  ғылымның  жалпы  және  негізгі  міндеті  адамды  ортаға  барынша  толық 
бейімдеу, адамның қызметіне жағдай жасау. 
Сондықтан  да,  танымның  және  зерттеудің  барысында  қолданылатын 
ұғымдарды  Дьюи  мақсатқа  жетудің  құралы,  инструменті  ретінде  анықтайды. 
Осыдан, Дьюидің концепциясын инструментализм деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет