157
адамның іс - әрекеті арқылы ашылады. Егер адамның өмірінде өлімге
бағытталған болашақ басым болса, онда адамның болмысы нағыз тіршілік. Егер
адам бүгінгі күнмен (қазір, осында) өмір сүрсе, онда оның болмысы нағыз
болмыс емес, өйткені ол «заттар дүниесінең немесе әлеуметтік ортадан шыға
алмай өзінің бет – бейнесінен, тұлғалық қасиетінен айырылады. Жалған
болмыстың адамы көпшіліктің арасынан суырылып шығуға талпынбайды,
өйткені өзінің қимыл – қылығы үшін жауап беруі керек. Жалған болмыстың
адамы өзінің келешегін көрмейді, «тобырдың» психологиясынан айырылғысы
келмейді».
Нағыз болмыстың адамы - өзінің тарихын, еркіндігін сезетін адам. Ондай
сезіну ерекше дайындықты қажет етеді. Өлім алдындағы адам нағыз болмысты
іздемейді және соған жетуге талпынады. Өлім адамның қасында. Сондықтан
адам өзінің өмірінің соңы - өлім екенің біле отырып болмыстың мәнін аша
алады. Ол үшін дейді М.Хайдеггер – адам болмысты тыңдай білу керек.
Болмысты тыңдау – тіл арқылы жүрмек. Тіл – болмыстың үйі. М.Хайдеггердің
негізгі шығармасы – «Болмыс және уақыт».
Достарыңызбен бөлісу: