Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет67/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   199
«Жаңа 
Органон» 
трактатының  авторы,  онда  ғылымның  міндетіне  жаңа 
түсінідірмені жасап, ғылыми индукцияның негіздеді. «Жаңа 
Атлантида» 
шығармасында 
саяси 
көзқарастары 
тұжырымдалып, утопиялық көзқарастары берілді, гүлденген 
идеалды  мемлекет  бейнеленді,  онда  өмір  ғылымның 
рационалды 
негіздері 
арқылы 
ұйымдастырылып, 
техниканың  дамуы  қарастырылған,  бірақ  онда  басқарушы 
мен бағынушы класстар сақталған. 
Бэкон  бойынша  ғылыми  білімнің  міндеті,  адамзат  ұрпағына  пайда  алып 
келу.  Барлық  ғылымдардың  ортақ  мақсаты  –  адамның  табиғатқа  билігін  одан 
әрі  нығайта  түсу.  Бэкон  өзінің  «Білім  -  күш»  атты  афоризммен  танымал,  онда 
жаңа ғылымның практикалық мәні мен бағытылығы айқындалған. Ғылым – бұл 
құрал,  өзіне  өзі  мақсат  емес,  оның  мақсаты  табиғи  құбылыстардың  себептілік 
байланысын  ашу,  өйткені  бұл  құбылыстарды  адамзат  игілігі  үшін  пайдалану 
мақсатында қажет. 
Табиғатқа  үстемдік  жүргізу  үшін,  адамға  қызмет  етуін  қарастыру  керек, 
сол  үшін  ғылыми  танымның  әдістерін  өзгерту  қажет.  Барлық  таным,  барлық 
жаңалық  тәжірбиеге  сүйенуі  қажет.  Ол  тәжірибенің  екі  түрін  көрсетті:  1) 
«жеміс  берін»  -  тәжірибе,  оның  мақсаты  –  адамға  қажетті  пайданы  көздеу,  2) 
«тек  гүл  беретін»  -  тәжірибе,  ол  тек  заттар  құрлысы  мен  құбылыстардың 
заңдылықтарын ғана танумен шектеледі.  
Ғылыми  дәстүрді  қалпына  келтірудің  логикалық  негіз  ретінде  индукция 
теориясын  алды.  Индукцияның  алғышартын  тәжірибені  аналитикалық 
тұрғыдан ұғыну құрайды. Бэкон бұрынғы түсіндіруді теріске шығарудың мәнін 
аша  отырып,  оған  қарсы  болды,  оны  негативті  (теріс)  интенция  деп  атады. 
Оның  ойынша,  онымен  шұғылдану  қателіктерге  ұрынудың,  суеверия  мен 
ақылға  сиымсыз  көзқарастардың  пайда  болуының  басты  себебі.  Ғылыми 
дәстүрді қалпына келтіру арқылы бос елестерден, қателіктерден тазарту керек 
деп тұжырымдады. Осыған байланысты ол төрт түрлі қателікті, таным жолына 
кедергі  келтіретін  –  төрт  түрлі  «елестер»  (қате  бейнелер)  немесе  себептерді 
көрсетті. Олар «тектік елестер» (адам табиғатына тән ой қабілеттерінен), «үңгір 
елестері» (ғалымдардың жекелеген топтарына немесе жеке адамдар тобына тән 
қателіктерден туады), «алаң елестері» (түсіндіру барысында тілдің шикілігі мен 
дәлелсіздігінен  сөздер  арқылы  кеткен  қателіктер)  және  «театр  елестері» 
(ақылды қате көзқарастарға тәуелді етіп, бөтен біреулердің пікіріне сын көзбен 
қарамай  қабылдау).  Жалған  көзқарасты  жойған  соң  шынайы  әдістің  негізінде 
жаңа  ғылым  жасауға  болады.  Бэкон  бойынша,  ғылым  тәжірибе  фактілерінің 
ұтымды түрде өңделіп – пысықталуы болуы тиіс, яғни оның тұжырымдарының 
индукция арқылы жинаған ұғымдарға негізделген қағидалар болды. 


88 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет