Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет88/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   199
Анри  Бергсон  (1859-1941  жж.)  –  20  ғасырдың  бірінші 
жартысында  француз  философтарының  ең  беделдісі.  Оның 
философиясы  танымның  нәтижелері  теориялар,  ұғымдармен 
шындық  дүниесінің  арасындағы  алшақтыққа  арналған. 
Бергсонның  алдына  қойған  мақсаты  таным  теориясын  өмір 
теориясымен  толықтыру.  «Өмір»  -  нағыз  алғашқы  шындық. 
«Өмір» ұстатпайды, себебі адамның ойы дәрменсіз. Өмірдің 
мәніне  тек  интуицияның  көмегімен  жетеміз.  Интуицияны 
Бергсон  интеллектке  қарсы  қояды.  Интеллект  –  «өлі 
заттармен»  айналысады,  рухқа  емес,  материяға  бағынышты. 
Өмір  үздіксіз  ағын.  Өмір  кеңістікте  өтпейді,  уақытта  өтеді.  Дүниенің  мәні 
«уақыт»,  бірақ  бұл  физикалық  уақыттан  өзгеше  «сапалы»  «тірі  уақыт». 


113 
 
Интеллект және интуиция туралы ілімін Бергсон өзінің органикалық дүниенің 
эволюциясы концепциясында негіздейді. Өмір – космостық процесс. «Өмірдің 
екпіні» - творчестволық ағын болғандықтан адамның шығармашылығы арқылы 
іске  асады.  Өмірдің  екпіні  әлсірегенде  өмір  ыдырайды,  яғни  жансыз  затқа 
айналады.  
Эволюцияның  мақсатын  алдан  емес,  өткеннен  іздеу  керек.  Өткендегі 
алғашқы  «қопарылыс»  -  өмір  процесстерінің  үздіксіз  ағынын,  сапалық 
өзгерістерді  қамтамасыз  етеді.  Интеллект  және  интуиция  алғашқы  кезде 
бірлікте  болады  да,  кейін  эволюцияның  барысында  бір  бірінен  ажырайды.  Ол 
қоғамды жабық  және  ашық  деп  бөледі.  Жабық  қоғам  –  сол  кездегі  әлеуметтік 
құрылымның  тұрақтылығын  сақтау  мақсатында  ықтиярсыз  көндіру  арқылы 
шыққан  қоғам.  Осындай  қоғамда  тұлға  ұжымға  бағынышты,  ал  ақиқат  – 
пайданың  құрбаны,  сондықтан  жабық  қоғам  эволюциясы  тұйыққа  тіреледі. 
Адамзаттың  эволюциясы  өмірін  ендігі  ашық  қоғамда  мүмкін.  А.  Бергсонның 
ілімін  20  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  философиялық  романтизмі  ретінде 
бағалауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет