Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет87/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Артур 
Шопенгауэр  (1788-1860  жж.)  –  волюнтаризмді 
негіздеуші.  Волюнтаризм  –  қоршаған  дүниедегі  басты 
қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық 
ағым.  «Дүние  ерік  және  қабылдау  ретінде»  атты 
шығармасында  логиканың  жеткілікті  негіз  заңын 
тұжырымдады.  Онда  философия  материалистер  сияқты 
объектіге  де,  идеалистер  сияқты  субъектіге  де  емес, 
сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет. 
Субъективті  қабылдаудың  құрылымы  күрделі  емес,  ол:  тікелей  таным; 
рефлективті таным; интуиция арқылы іске асады. 
Оның  негізгі  шығармасында  дүниені  өмірге  деген  құштарлық  идеясы 
арқылы  түсіндіреді.  Ойдың  құндылығы  күмәнді,  ал  адамның  еркі  ерекше 
жағдай, ол санада емес, іс - әрекетте емес. Ой арқылы адам дүниені ерік ретінде 
таниды. Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы – ерік. Ерік – абсолютті 
бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш. 
Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр 
адамның  еркі  әрекетерін  анықтайтыны  сияқты,  бүкіл  әлемдік  ерік  – дүниедегі 
сыртқы  құбылыстардың  пайда  болуы  мен  заттардың  қозғалысына  себепші 
болады.   
Әр  адамның,  басқаларды  мақсатқа  жеткізудің  құралы  ретінде,  немесе 
кедергі  ретінде  қарастырады.  Әр  адам  басқалармен  күресіп,  өмір  кешпек. 
Әлеуметтік  құрылым  (мемлекет)  өзімшілдікті  жоюға  дәрменсіз.  Өмірде  мән 
жоқ,  адам  ешқашан  да  қанағат  таппайды.  А.  Шопенгауэр  философиясының 
онтологиялық мәселелерімен айналыспайды, өйткені ақиқатта, әділеттікте жоқ, 
тек  өлім  алдындағы  қорқыныш  бар.  Адамның  бақыты  көмескі,  отырып, 
адамның  мінез  –  құлқын  қалыптастыратын  қуатты  құрал.  Адам  өзінің 
тағдырының  иесі  емес,  шексіз  өмір  мұхитындағы  қалқып  жүрген  қағаздан 
жасалған кеме. 
Шопенгауэрдің  адам  тағдыры  мәселесінде  пессимистік  сипатта  болды. 
Адам  табиғатқа  ғана  емес,  өзіне-өзі  билік  ете  алу  мүмкіндігіне  сенбеді.  Адам 
тағдыры  бүкіл  әлемдік  хаосы  тізбегінде  өтеді,  бүкіл  әлемдік  қажетілікке 
бағынышты.  Жеке  адам  еркі  қоршаған  дүние  еркіне  бағынышты.  Осындай 
ойларымен ол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді. 


112 
 
Өмір философиясының өзекті ұғымы – адам үшін басты және шынайылық 
-  өмір  ұғымы.  Өмір  философисының  негізін  салушы  Фридрих  Ницше  (1844-
1900  жж.).  Оның  ойынша,  философиясының  мақсаты  –  адамның  қоршаған 
дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу. 
Қоршаған  дүние  мен  өмір  негізінде  ерік  жатыр. 
Ницше адам еркін бірнеше түрге болді: 
1. өмірге деген ерік
2. адамның өз ішіндегі ерік; 
3. басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер; 
4. билікке ерік. 
Ф.Ницше  еріктің  соңғы  түрі  «билікке  ерікке»  көп 
көңіл  болді,  ол  адамның  бәріне  тән.  «Билікке  ерік» 
табиғаты  бойынша  өзін-өзі  сақтау  инстинктіне  ұқсас. 
Ф.  Ницшенің  пікірінше  қоғамның  қозғаушы  күші  «өмірге  деген  ерік»  емес 
«билікке  деген  саналы  Ерік».  Осыған  байланысты  Ницше  барлық  адамзаттың 
құндылығын  сынға  алады.  Дүниенің  құндылығы  жоқ,  ал  өмір  қатыгез  ойын. 
Осы  ойында  орташа,  шамалы  қабілеті  бар  адам  жеңіп  шығады,  өйткені 
қабілетті рухтары күшті адамдарға қарсы тұрғандар қалың ұйымдасқан тобыр. 
Билікті күшті адамдар жүргізуі керек.  
1884  жылы  Ф.Ницше  «Заратустра  осылай  деген»  философиялық 
поэмасында ол күштілердің міндетін негіздеуге талпынған. Адам өз еркімен құл 
болғысы  келмейді,  би  болғысы  келеді.  Қоғамдағы  адамдардың  көпшілігі 
билікке  құмар.  Ф.Ницше  христиандық  дінді  жоққа  шығарады,  өйткені 
әлсіздерді қорғайды, ал күштілерді қорлайды. Кім әлсіз, күшті болмаса, басқара 
алмаса,  солар  діннен  жұбаныш  іздейді.  Осындай  адамдардың  тобырлық 
инстинктісі дамығандығы соншалық олар біреуге табынғысы, бағынғысы келіп 
тұрады.  Тарихта  мақсат  жоқ,  ілгерілеу  жоқ,  тек  қайта  оралу,  күштілермен 
әлсіздердің  арасындағы  бітпейтін  күрес  бар.  Заратустра  адамдарға  «Құдай 
өлді!» - «Қараңдар, мен сендерді «Керемет адам туралы үйретем!. Керемет адам 
- өмірдің мәні» - деген екен. Ф. Ницшенің ілімі дәстүрлі философиядан алшақ, 
біркелкі  емес,  қайшылығыда  мол.  Ф.  Ницше  философиясының  20  ғасыр 
философиясына әсерін өте зор.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет