Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет89/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   199
Вильгелм Дильтей (1833-1911 жж.) қоршаған дүниенің 
көптүрлігі  мен  адам  өмірінің  бірігейлігі  туралы  идеяны 
ұстанды.  Гегель  философиясын  сынап,  «ойлаудың»  орнына 
«өмір»  ұғымын  қоюды  ұсынды.  Философияның  негізінде 
идея  емес  «өмір»  жатыр.  Өмірдің  белгілері:  тұтастық; 
көптүрлі  рухани  бастамаға  ие;  жоғарғы  дүниемен  ажырамас 
бірлікте.  Дильтейдің  пікірінше,  философия  материя,  сана, 
диалектика,  т.б  туралы  «схоластикалық»  дискуссияны 
тастап,  өмірді  ерекше  құбылыс  ретінде  зерттеуі  керек.  Өмір 
адам  болмысының  дүниедегі  тәсілі.  Философия  («  рух 
туралы  ғылым»)  өмірді  табиғатпен  салыстырмай  өзінен  түсіндіруі  керек. 
Осыған байланысты Дильтей «түсіну» әдісін ұсынады. Түсіну интуиция сияқты 
өмірдің тереңіне үңілу. 
Табиғат туралы ғылымдар сыртқы тәжірибемен байланысты болғандықтан 
«түсіндіру»  әдісін  пайдаланады.  Өзіңнің  ішкі  дүниеңді  түсіну  интроспекция 
(өзіңді  бақылау)  арқылы,  басқа  адамды  түсіну  –  онымен  «бірге  күйзелу», 
арқылы,  өткен  мәдениетті  түсіну  интерпретация  әдісі  (герменевтика)  арқылы 
іске  асады.  Дильтей  тарихтың  прогресс  бағытын  даму  заңдылығын 
мойындамайды.  Тарих  кездейсоқ  оқиғалардан  құралады,  сондықтан  оған  әсер 
ету мүмкін емес.  
Дильтейдің  пікірінше,  тарих  –  прогреске  апаратын  айқын  және  заңды 
процесс емес, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды иірімге тартатын хаос, 
кездейсоқтар тізбегі. Тарих барысын өзгерту мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет