Л.Н.Толстой (1828-1910 жж.) – жанның психологиясы,
діни адамгершілік және өзін-өзі жетілдіру мәселелеріне
бағытталған, әлемдік мәдениетке ықпалын тигізген жазушы
және философ. Ұлы ойшыл православиені рационалды
сынауды жүзеге асырды және діни догмалардың ғылым,
логика, зерде заңдылықтарына қайшы екенін көрсетті.
Толстой адамныі міндеті – жақынына деген сүйіспеншілік
деп санады. Берілген мақсатты орындауда басты рольді дін
алады, бірақ ресми христиан діні емес, ал Жердегі адам
бақытын негіздейтін дінді айтты. Өзінің көзқарастарын,
ізденістерін, күмәндарын шығармаларындағы кейіпкер бейнелеріне салды.
Жаңа діннің негізіне христиан идеялары қойылған: Құдай алдындағы
адамдардың теңдігі, жақынына деген сүйіспеншілік, яғни адамгершіліктің
негізгі өсиеттері. Өмір мақсаты адами тұрғыда өзін-өзі жетілдіру, ол аскетизм
арқылы емес, ал адамдармен сүйіспеншілік қатынаста болғанда ғана жетуге
болады.