118
XVIIІ ғасырда Ресейдегі дәрігер-философтар арасында К.Ф.Вольф (1734-
1794 жж.), С.Г.Зыбелин (1735-1802 жж.), А.С.Кайсаров (1782-1813 жж.),
К.Ф.К.Уден (1753-1823 жж.), П.А.Загорский (1764-1846 жж.) белгілі болды.
К.Ф.Вольф дүниеге келу теориясымен айналысты, эпигенез туралы ілімнің
негізін салды.
С.Г.Зыбелин – М.В.Ломоносовтың шәкірті – медицина бойынша
университеттің бірінші орыс профессоры болды, ол сол уақыттың
теоретикалық медицинасын оқытты: анатомия, физиология, патология, химия,
фармация, фармакогнозия, семиотика, хирургия. Зыбелиннің философиялық
көзқарастары
ағзаның
құрылымын
материалистік
түсіндіруде, қоршаған ортаның денсаулыққа ықпалын ашуда
болды. Ол адамның психикалық және физикалық
денсаулығының өзара байланыстылығын зерттеді және оның
тіршілік
етуінің
объективті
заңдылықтарын
ашты.
Достарыңызбен бөлісу: