134
мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады
деп таниды «Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел...».
Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен
табиғаттың, құдай мен адамның, жан мен тәннің, олім мен өмірдің арасындағы
қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай әлемнің
алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның
дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.
Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол оның күнделікті ісіне араласпайды.
Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе
ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның
өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.
Абай дүниетанымның өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның
организмін, іс-әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап-тілегі мен
қызығушылығын зерттегенде физиологиялық-психологиялық нысан, ал таным
процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен
жамандақтың мағынасын алып, «Адам бол» этикалық принципін негіздеген
уақытта этикалық нысан болып табылады. Адамның бойындағы асыл
қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы жүрек. Этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көңіл
аударады. «Иман» термині қазақ санасына мұсылманшылық арқылы енген. Ол
барлылық, білімділіктің синонимі болып табылады. «Ұят кімде болса иман
сонда», «Адам баласына адам баласының бәрі дос» дейді. Мына дүниенің
шолақтығын біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық,
жалауыздық адам жанына берері шамалы деп тұжырымдайды.
«Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның рөлін жоғары
бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды,
адал, мейірімді болуы керек.
Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты мен
жанының бірден-бір қажеттілігі. Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда.
Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.
Ағартушылық идеясы басым болған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа
өсиет еткен.
Достарыңызбен бөлісу: