Доспамбет жырау (1490 жыл, Азау қаласы-1523,
Астрахань маңы) – ежелгі қазақ халқы қалыптасу кезеңінде
өмір сүрді. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жорық жыршысы
мұрасының
дені
жоғалған,
ел
аузында
жекелеген
қолжазбаларда сақталған туындылары ХІХ ғ. бас кезінде әр
түрлі жинақтарға енді. Алдаспан антологиясында (1971) оның
табылған шығармалары толық жарияланды. Доспамбет жырау
жырларынан оның ой-өрісі, мұрат-мақсаты, рухани өмірі,
ғибраттық қағидалары, философиялық көзқарасы айқын аңғарылады. Жауынгер
жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдісінің көнелігіне
қарамастан көңілге әсер етерлік терең, тілге орамды.