133
жазаға бұйырылады. М.Қозыбаевтың пікірінше, «тоқсан тоғыз қырылып,
тоқсан тоғыз тірілген ол халықтың асыл тұқымын қалай сақтау заңын игерді.
Жеті атаға дейін өзара қан араластыруға болмайтынын барша түрік
тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді» .
Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер
- өзінше ерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын
түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса
да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп,
ойтұжырымдап отырды.
Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен
сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ
халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: