Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет60/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   199
3.2.  ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
Қайта  өрлеу  дәуірі  философиясы  орта  ғасыр  теоцентризмімен  Жаңа 
дәуірдің  ғылыми-философиялық  ойларын  байланыстыратын  түйін  болып 
табылады. Осы кезеңнің философиясының ерекшелігі гуманизм болды. Жалпы 
Қайта  өрлеу  дәуірі  философиясын  антропоцентризм  ретінде  сипаттауға 
болады.  Ол  орталық  мәселе  болып  Құдай  емес,  адамның  болуын  көрсетеді. 
Құдай  барлық  заттардың  бастамасы  болып  есептелінді,  бірақ  адам  дүниенің 
орталығы болып табылды.  
Гуманизмнің  дамуы  бұрынғы  мәдени  жетістіктер  байлығын  игеруді 
болжайды,  сондықтан  да  көне  философияға  жаңаша  қызығушылық  туады. 
Платон, Аристотель, басқа да ойшылдар мен антика мектептері қайтадан және 
жаңаша «ашылады». 
Дәл осы кезеңге әлеуметтік  теориялардың шығуы жатады: ортақталынған 
мемлекет  теориясы  (Н.Макиавелли,  Ж.Боден),  табиғи  құқық  теориясы 
(Г.Гроций), утопистік социализм концепциясы (Т.Мор, Т.Кампанелла). 
Қайта  өрлеу  дәуірі  философиясы  үшін  келесі  ерекшеліктер  тән:  1) 
жаратылыстанудың  дамуымен  тығыз  байланыс;  2)  антикалық  мәдени  және 
өзіндік  философиялық  мұрасының  кең  қолданылуы;  3)  философиялық 
көзқарастарды  көркемдік  өнер  түрінде  жеткізу;  4)  гуманизм  және 
антропоцентризм  мәселелеріне  философияның  қызығушылығының  аууы;  5) 
схоластиканы терістеу және сынау.  


80 
 
Ұлы  ақын  Данте  Алигьери  (1265  –  1320  жж.)  шығармашылығында 
бірінші  рет  жаңа  дүниетанымның  элементтері  пайда  болды. 
Данте  Құдай  мен  адам  қатынасындағы  ерекшелігін  қайта 
түсіндіруге  тырысады.  Оның  ойынша  құдайылық  пен 
адамилық  бірлікте  тіршілік  етеді.  Құдайды  адамның 
шығармашылық 
мүмкіндіктеріне 
қарама-қарсы 
қоюға 
болмайды.  Адамның  тіршілік  етуі  бір  жағынан  Құдаймен, 
екінші  жағынан  табиғатпен  келісілген.  Данте  адамды  оның 
практикалық  әрекетінде  жүзеге  асатын,  өзінің  ақылының 
жемісі деп үнемі айрықша басып айтады.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет