Тұрақсыз шуылдар 5 дБ артық емес дыбыс деңгейімен өлшенеді, ол дБ А дыбыс деңгейінің баламалығынымен (энергия бойынша) сипатталады. Тұрақсыз шуылдар өз кезегінде, төмендегідей бөлінеді:
уақыты бойынша тербелісті – уақыт бойынша үздіксіз өзгеріске ұшырайтын дыбыс деңгейі;
үзік-үзік – 1 интервалды және одан артық болмайтын фондық шуылдың деңгейіне дейін бірден төмендейтін дыбыс деңгейі;
импультық– бір және бірнеше дыбыстық сигналдардан құралатын, ұзақтығы 1-ден артық емес және 10 дБ артық емес дыбыс денңгейі.
Шуылдың пайда болуының қайнар көздеріне сонымен қатар дірілді де жатқызуға болады. Бірақ діріл (вибрация) өзінің физикадық сипаттарына байланысты қоршаған ортаның жеке физикалық факторы ретінде қарастырылады.
Сонымен дыбысқа физикалық тұрғыдан сипаттама берілді, яғни шуылға да сипаттама берілді. Бұл шуылдың жалпы болмысын түсіну үшін қажет: оның пайда болуының қайнар көздері, жіктемесі, оның ықпал ету спектрі және оны қалай анықтауға болады. Әрі қарай білім алушылар шуыл туралы негізгі ұғымдарды меңгергеннен соң оның яғни шуылдың адам ағзасына әсер ету барысын зерделеуге жан-жақты назар аударып, шуылдың тұрғындары денсаулығына әкелетін залалы мен зардабын бағалайды. Аталған мәселелер оқу құралының келесі бөлімдерінде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.
1.4 Шуылдың адам ағзасына (организміне) әсері мен ықпалы
Адам әрқашанда да дыбыстар әлемінде өмір сүрген, сондықтан мүлгіген тыныштықтан адам қорқып, көңілсіздікке тап болады. Өз уақытында, өткен ғасырда Ганноверде сәулетшілер конструкторлық бюроны жобалау барысында ғимратқа көшеден ешқандай да дыбыс естілмейтіндей барлық шараларды қарастырған: қабырғалар шыны материалмен қапталды, шуылдан қорғайтын ұялы бетоннан жасалған панелдер және арнайы әзірленген пластмассалық түсқағаздар сырттан келетін дыбысты өткізбейді. Бір аптадан кейін қызметкерлер мұндай мүлгіген тыныштықта жұмыс жасаудың аса ауыр екендігін айтып шағымдана бастаған. Барлығы да шектен тыс мазасызданып, жұмыс жасау қабілеттерін жоғалтқан. Әкімшілік «қалыпты көше шуылының» сипатын беріп, белгілі бір уақыт сайын автоматты түрде қосылып тұратын магитофон сатып алуға мәжбүр болған. Нәтижесінде жұмыс барысы бірден қалыпты жағдайға түскен [6].
Кембридж университетінің (Англия) психология зертханасында жұмыс істейтін ғалымдар бірнеше жыл жүргізген зерттеулер нәтижесінде күтпеген қорытынды шығарды: белгілі бір күшке ие дыбыстар ойлау үдерісін ынталандырады, әсіресе есептеу үдерісіне ықпалы өте зор екендігін бағамдады. Тәжірибе жүргізу барысында оған қатысушы тұлғалар математикалық есептерді музыка немесе қызу әңгіме гуілі барысында тезірек шешкен, ал керісінше келесі тыныштықта жұмыс жасаған тұлғалар тапсырманы шешуге көп уақыт жоғалтқан.
Жапонияда адамның тамыр соғысының ырғағымен бірдей жүретін жаңбыр тамшыларының дыбыс шығаратын аппарат салынған жастықтар сатылады. Мұндай шуыл ұйқыны тез шақырады.
Әр адам шуылды өзінше қабылдайды. Көбінесе ол адамның жасына, мінез-құлқына, денсаулығына, оны қоршаған ортаның шарттарына байланысты болады.
Адамның есту мүшесі кейбір тұрақты немесе жиі қайталанатын дыбыстарға бейімделе алады (есту бейімділігі). Бірақ мұндай бейімделушілік оны, яғни, адамды патологиялық үдерістен құтқара алмайды – есту қабілетінен айырылу, бұл тек белгілі бір кезеңге кейінге шегерілуі мүмкін. Қаладағы шуыл есту анализпаторына ұдайы қысым түсіреді. Бұл есту шегінің артуына соқтырады 10-25 дБ А. Шуыл сөйлеудің анық болуына кедергі келтіреді, егер де ол 70 дБ А артық болса. Қатты шуылдың әсерінен болатын залал дыбыстық тербелістердің спектірне және олардың өзгеруінің сипатына байланысты болады. Ең бірінші адам жоғарғы дыбыстарды нашар ести бастайды, одан кейін біртіндеп төмен дыбыстарды да естімейтін болады.
Шуылдың әсерінен адамның есту қабілетінен айырылуы белгілі бір деңгейде тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады. Кейбір адамдар шуылдың салыстырмалы деңгейдегі төмен қарқындылығы барысында да есту қабілетінен айырылса, ал кейбіреулері өмір бойы қатты шуылдың ішінде есту қабілетінен айырылмастан жұмыс істей береді.
Қатты шуылдың біртіндеп әсер етуі адамның есту қабілетіне тек жағымсыз әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар басқа да зардабы болады: құлақтағы шуыл, бас айналу, бас ауыруы, шаршаңқылықтың жиі орын алуы.
Үлкен қалалардағы шуыл адам өмірінің ұзақтығын қысқартады. Австриялық зерттеушілердің мәліметтері бойынша мұндай қысқарулар 8-12 жыл арасында болады. Шектен тыс шуыл адамның жүйке жүйесінің тозуына, психикалық күйзелістің, вегетативтік невроздың, ойық жараның, эндокриндік және жүрек қантамыр жүйелерінің бұзылуына соқтырады. Шуыл адамдардың жұмыс істеуіне, демалуына кедергі жасап, еңбектің өнімділігін төмендетеді.
Егде жастағы тұлғалар шуылдың әсеріне барынша шыдамды болады. Мәселен, 27 жасқа дейінгі тұлғалар шуылға 46,3%,28-37 жасс аралығындағы адамдар, 57,38-57 жастағылар, 62,4, 58 жас және одан да егделер - 72% деңгейде әсер етеді. Егде жастағы адамдардың шағымдарының басым көпшілігі олардың орталық жүйке жүйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болатыны айқын. Шағымдардың саны мен орындалатын жұмыстың арасындағы қауіа-қатер байқалады. Сауалнама нәтижесінің көрсетуінше, шуылдың әсерінен болатын мазасыздықтар көбінесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарда болады, ал физикалық жұмыспен айналысатын адамдарда бұл көрсеткіш төмен болады. (арасалмағы 60,2 және 55,0%). Ой еңбегімен айналысатын тұлғалардың шағымдарының басым көпгшілігі олардың жүйке жүйелерінің қажуымен байланысты болады.
А. П. Шицкова мен И. Л. Карагодина (1981 ж.) тұңғыш рет өндірістік шуыл мен ұдайы көлік шуылынығ ықпалына тап болған тұрғындар арасында жаппай зерттеу жұмысын (эпидемиялық типі бойынша) жүргізді. Мұндағы басты мақсат шуылдың адам денсаулығына әсері, аурулардың артуына себеп болуы және түрлі жастағы және кәсіби топтардағы тұлғаларға ықпалын сомалық мөлшерде (бір тәулік немесе одан да ұзақ мерзімге) анықтау болып табылады.
Физиологиядық-гигиеналық және поликлиникалық зерттеу (Ф.Ф.Эрисман атындағы Мәскеу гигиена ғылыми-зерттеу институтының клиникалық бөлімінің мамандарының қатысуымен) «ұйымдастырылмаған» (тұрғылықты жері бойынша) және «ұйымдастырылған» (жұмыс орны бойынша – жобалау институтының қызметкерлері) тұрғындар тарапынан болды.
Физиологиялық-гигиеналық зерттеу нәтижесінің көрсетуінше, орталық жүйке жүйесінің және жүрек қантамырлар жүйесінің функционалдық жай-күйінің өзгеруі есту сезімталдылығының тәуелділігі дыбыс энергиясының ықпал ету деңгейіне, зерттеуге қатысушы адамдардың жасына, жынысына байланысты болады. тәжірибе жүргізілген топтардағы айқын анықталған өзгерістер жұмыс орнындағы және тұрмыстағы шуылдардан да болуы мүмкін. Бақылау нәтижелері бойынша есту сезімталдылығының төмендеуіне және вегетативті және орталық жүйке жүйесінің белсенді болғандығын көрсетеді.
Поликлиникалық зерттеу нәтижелері бойынша 1200 адам қалалардағы шуылдың өте жоғарғы деңгейі (орталық жүйке жүйесінің агрессивті қоздырғыштарының бірі) шектен тыс қысымды қоздыруға себеп болады. Бұған неврологиялық зерттеулердің мәріметтері дәлел болады: тәжірибиеге қатысушы топтағыларда вегетативті қантамырлардың дисфункциясы жиілігінің арту тенденциясы, церебралды атеросклероз, астеникалық синдром типі бойынша орталық жүйесі тарапынан функционалдық бұзылушылықтардың артқандығы байқалды. Қалалардағы шуыл жүрек қантамыр жүйесіне де жағымсыз әсер етеді: жүректің ишемиялық ауруы, гипертония ауруы, сонымен қатар өте шулы аудандарда тұратын тұлғаларда тыныш ауданда тұратындарға қарағанда холестерин мөлшері көп екендігі байқалды.
Шуыл жүктемесінің әсер ету деңгейіне байланысты тұрғындардамиокард белгілерінің өзгеру жиілігі статистикалық тұрғыдан анықталды, жүректің жиырылу қабілеті, жүрек қызметін реттейтін симпатикалық құрамдас бөлік басымдыққа ие болды. Мұндай қауіа-қатер жүрек қантамырлар жүйесі ауруларының топтамасында жекелеген нозологиялық формалар бойынша анықталады: нейроциркуляторлық дистония, гипертониялық ауру, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы. Жүрек қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар, әдетте, есту мүшесінен бұрын зардап шегеді.
Үлкен қалалар мен елді мекендердегі шуылдар олардың маңында орналасқан азаматтық авиация әуежайлардың гуылнен болады. Ұшу-қону жолағынан 5-10 км радиуста тұратын тұрғындар ауадағы және жердегі авиациялық операциялардың әсерінен болатын қатты шуылға тап болады (дыбыстың эквиваленттік деңгейі 78-82 дБ А, максималды 93-108 дБ А). Сауалнама барысында анықталғандай, шуыл тұрғындардың толыққанды демалуына 68%, сабаққа әзірленуге - 51%, ұйықтауға 73% кедергі жасайды,31% телерадиохабарларына бөгет жасайды, сондай-ақ қорқыныш билеп, сабыры қашады, діріл пайда болады.
Шуылдың ықпалымен адам ағзасында басқа да едәуір өзгерістер орын алуы мүмкін: жүрек жиырылуы ырғағының нашарлауы, сілекей және асқазан сөлінің секрециялары төмендейді, қалқанша бездің функциясы төмендейді және мидың электрлік белсенділігі төмендейді.
80-90 дБА асатын шуыл көптеген гипофез гормондарының бөлінуіне ықпал етеді, олар басқа гормондардың бөлінуін қадағалайды. Мәселен, бүйрек үсті қабатындағы кортизон бөлінуі өсуі мүмкін. Кортизон бауырдың адам ағзасына түскен залалды заттармен күресу мүмкіндігін нашарлатады, мұның ішінде карцинома туғызатын заттар болуы мүмкін.
85 дБА деңгейіндегі шуылдың ықпалымен бұлшықет тініндегі энергетикалық зат алмасуының қайта құрылуы анықталды, мұндай қайта құрылым әсер ету уақытына байланысты болады.
Екі апта бойғы шуылдан кейін фосфорлану мен қышқылданудың күшеюі бұл үдерістің аденозинтрифосфорлы қышқылдың (АТФ) шоғырлану қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Шындығында, митохондриядағы қышқылданған фосфорланудың интенсифткациясы салдарынан бұлшықет гомогенатындағы АТФ құрамы артқандығы байқалады, әсер ету уақыты бірдей. Энергия құраудың күшеюін энергетикалық зат алмасудың қорғану қабілеттілігін қайта құруды қарастырады, ол резерв құруға бағытталған, бұл қолайсыз ортаға бұлшықет жасушаларының жауап беруі үшін қажет болып табылады.
Шуыл әсері бір созылған жағдайда зерттеліп отырған көрсеткіштердің қалыпқа түскендігі байқалады, ал әрі қарай (үш ай) фосфорленудың интенсивтілігі төмендеді (бақылаумен салыстырғанда екі есе көп). Митохондриялық бұлшықет тінінде АТФ құрылуы мүмкіндіктерінің төмендеуі, біздің ойымызша, шуыл организмге келтірген залалының көрсеткіші болуы мүмкін, мұны назар аударатын салмақты зардап ретінде қарау қажет. Қышқылды фосфорланудың болғанына қарамастан АТФ қоры және оның бұлшықеттегі өндірісі шуыл үш бойы жалғасса да ол күйремейді, тек төмендейді.
Шуыл бай фосфатты жаңа энергия көздерінің пайда болуына кедергі жасайды, ол қышқылды фосфорлену үдерісінің жайдайына байланысты болады. Өндірістік сипаттағы шуылдар ұзақ уақыт бойы егеуқұйрықтарға әсер еткенде олардың жасушаларындағы энергия түзілудің негізгі бөлігі қысымға ұшырайды – митохондриядағы қышқылды фосфорлену. Бұл дерек аталған көрсеткіштерді шуылдың организмге залал келтіретін биологиялық фактор екендігін айқындайды.
Энергетикалық метоболизм үдерісінің бұзылуы – шуылдың организмге кері әсер ететін айғақтайын басты белгі, өз кезегінде ол организмде көптеген биохимиялық үдерістердің тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болуы мүмкін.
С.А.Солдаткина және О.С. Черкасский 80 дБ А деңгейіндегі көлік шуылының ұзақ мерзімді әсерін зерделеу үшін (үш ай бойы) тәжірибе жүргізді. Олар тәжірибенің бірінші аптасында және бірінші айдың соңғы аптасында жүрек соғысының минутына 30 дүрсілге дейін жиілегенін анықтаған. Физиологиялық зерттеулер орталық жүйке жүейсінің және жүрек қантамырлар жүйесінідегі өзгерістерді анықтаған.
Алғашқы айдың соңында қалқанша бездің, жүрек бұлшықеттерінің, бүйректердің, гематоэнцефалитикалық және гисто-гематикалық кедергілерден өтімділігі артқандығы байқалды. Үш айдан кейін бүйрек пен бүйрек үсті гисто-гематикалық кедергілердің төмендеуі байқала бастаған. Патоморфологиялық зерттеулер нәтижесінде шуылдың наразылық туғызатын белгілері анықталғандай: мидың үлкен жарты шарындағы қабатындағы жүйке жасушаларының кейбіреулері белсенділік танытты, иммундық реакциялардың артқандығы байқалады.
80 дБА көлік шуылы орталық жүйке жүйесі мен жүрек қантамырлар жүйесіне әсерлі ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар қорғаныс-бейімделгіштік механизмдерінің қысымын да туғызады (кейбір иммундық рекациялардың артуы, гисто-гематикалық кедергілердің өткізгіштігін де арттырады). Қан сарысуындағы холестерин құрамының артуы атеросклероз дамуына ықпал етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |