Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет7/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Пос ШУМ каз послед 18.01.16

1.2 Дыбысты қабылдау

Адам организміне әсерін бағалау үшін шуылдың физикалық қасиетін қарастыра отырып, тыңдау мүшесінің шуылды қабылдауына ерекше назар аударған жөн.


Бәрімізге белгілі, адамның есту қабілеті организмнің түрлі дыбыстық тербелістерді қабылдау және оны ажырата білу қабілеті болып табылады. есту мүшесі құлақ, ол дыбыстарды қабылдайды, механикалық тербелістердің жиілігі16-20000Гц, алайда адамның дыбыс анализаторы қарқынды дыбыстық қоздырғыштарды жауап беретін акустикалық рефлекске ие, нәтижесінде есту мүшесі екі міндетті атқарады: организмді ақпаратпен қамтамасыз етеді және өзін-өзі қорғауды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, шуылдың (дыбыс сияқты) пайда болуы негізінен қатты заттардың механикалық тербеліснен болады. Ауа қатпарларында тербелістегі денелердің үстіндегі тікелей үйкелісстің әсерінен пайда болады. бұл қысылыстар мен ыдыраулар уақыт бойынша алмасып тұрады және ұзақ толқын түрінде болады әрі дыбыс толқыны деп аталады. Толқындар біздің есту мүшеміз қабылдайды, оның маңында мерзімді тербеліс қысымы пайда болады, ол дыбыс анализаторына әсер етеді.
Бәрімізге белгілі, дыбыстық немесе есту талдауышы (анализаторы) үш негізгі бөлімдерден тұрады: 1. Рецепторлық аппарат; 2. Ми қабы асты орталығы арқылы өтетін аралықтағы өткізгіш жүйе; 3. Ми қырытыс асты бөлігі, мұнда анализ және синтез жүреді (9 сурет).

9 - сурет – Адамның есту анализаторының схематикалық бейнесі


(Р.Бертон, 2010) [4]

1 – евстахиева құбыры; 2 - қалқан; 3 - стремечко; 4 – доғал терезе; 5 - наковальня; 6 -молоточек; 7 – құлақ қалқаны; 8 – дыбыс өткізгіш; 9 – құлақ пердесі; 10 – домалақ терезе


Рецепторлық аппаратқа сыртқы, орташа және сыртқы құлақ кіреді. Рецепторлық аппараттағы есту анализаторында дыбыс толқындары пайда болады. мұнда алғашқы дыбыстық ыдырау жүреді. Дыбыстардың жиілігін талдау барысы көрсеткендей, ішкі құлақ ерекше маңызға ие. Өткізгіш жүйе қабылдаушы құралдар арқылы миға импульс береді. Жоғарғы анализ және есту импульстарының синтезі есту анализаторының қыртысты бөлімінде жүргізіледі.


Адамның есту анализаторы (талдағышы) – өте жоғарғы деңгейде дамыған биологиялық жүйе болып табылады, ол ауадағы механикалық тербелістердің талдайды, құбылмады бұл тербелістер импульсқа, айналып, дыбысты тыңдауға икемдейді.
Адамның есту мүшесі тербелісті қабылдайды, оның жиілігі шамамен 17-ден 20 мың Гц-ке дейін болады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда дыбыстың төмен, орта және жоғарғы деңгейін ажыратуға болады. Бұл жиіліктің өте үлкен аумағын қамтиды: 1-ден 16-ға дейінгі Гц - инфрадыбыстар,16-дан 20 мыңға дейін Гц – дыбыстық және 20 мыңнан жоғары Гц – ультрадыбыстық тербелістер. Құлаққа естілетін дыбыстардың тыңдалымдылығы, яғни, құлақтың сезімталдығының шекарасы естілу шегі мен ауру сезімін туғызатын дыбыс арасындағы шек 130 дБА тең болады (10 сурет).

10- сурет – Шуыл деңгейін бағалау шкаласы


(http://go.mail.ru/search_images) [5]

Біз күн сайын еститін дыбыстар алуан түрлі екендігі белгілі. Үйлесімді тербелісте шығарылатын дыбыстарды музыка ырғағы деп атаймыз. Музыкалық ырғақ естілуіне қарай жоғары және төмен болып бөлінеді. Біздің құлағымыздың есту сезімталдығы дыбыстың жиілігіне байланысты болады. Бірдей амплитудағы дыбыс тербелісіндегі дыбыстардың бары жоғары емес, олардың жиілігі де түрлі болады. Дыбыстың жоғарылығы тербелістің жиілігімен анықталады. Музыкалық ырғақ үшін анықталған тербелістің жиілігі, яғни, дыбыс жоғарылығын анықтау болып табылады (11-сурет).





11-сурет – Дыбыс жиілігі (http://go.mail.ru/search_images) [5]


Шуылда мүмкін болған жиіліктің барлығы да болады. Шуылды жиілігі төмен (350 Гц төмен), орташа жиілік (350 бастап 800 Гц дейінгі) және жоғарғы жиіліктегі (800 Гц жоғары).


Тербелістің жиілігі төмен болған жағдайда дыбыс үлкен жиілікте де төмен деп қабылданады. Резонанс заңы бойынша жоғарылығы түрлі деңгейдегі дыбыстар құлақ құрышы талшықтарында түрлі тербелістерді туғызады.
Жоғарғы дыбыстар есту қабілетіне жағымсыз әсер етіп, адамның бүкіл организміне ыңғайсыздық әсер туғызады, сондықтан да шуыл спектріндегі жоғарғы жиіліктер төмен жиіліктегі спектрлерден шығатын шуылға қарағанда залалы көбірек болады.
Адамның есту мүшесі түрлілікті қабылдамайды, керісінше дыбыстық қысымының немесе дыбыс күшінің қысқа мерзімді құбылыстарын тез қабылдайды. Дауыс артуының бірдей деңгейде байқалатын физиологиялық сезімі бірдей бірліктердің санынан емес, дыбыс күшінің өзгеруінен болады. Сонымен, дыбыс қысымының 10 есеге өзгеруі (1-ден бастап 10-ға дейінгі бар, 10-нан 100-ге дейінгі бар және т.б.) дыбыс артуының бірдей өсімі ретінде қабылданады.
Адам дыбыстың абсолюттік жиілігінің барлығына бірдей әсер етеді, бұл адамның ерекше физиологиялық қасиеттерінің бірі болып табылады. кез келген жиіліктің екі есеге артуы ырғақтың белгілі бір көлемде артуы октава деп аталады. Оның жоғарғы шегі төменгіден екі есеге артық. Естілетін диапазонның жиілігі 9 октавадан тұрады: 16, 31, 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 и 16000 Гц.
Шуылдың спектральдық сипаттамасы жиілік энергиясының таралуымен сипатталады. Егер де дыбыс энергиясы жиілік толқынында бір тегіс таралатын болса, мұндай шуыл кең жолақты немесе ақ деп аталады. Егер де тегіс болмаса, бір немесе екі октавадан болса, онда шуыл тар жолақты немесе тоналды болып табылады.
Шуылды бағалау барысында оның қарқындылығы өлшенеді және оның спектралдық құрамы ондағы дыбыстарға кіретін жиілік бойынша анықталады. Оны абсолюттік қысым көлемі арқылы көрсетуге немесе дыбыс толқынының энергиясы арқылы да көрсетуге болады (вт на см2), яғни, қабылданатын дыбыстың диапазоны өте зор болады, ал физиологиялық тұрғыдан алғанда біздің есту мүшеміз 10 есе көп дыбыс энергиясын қабылдап, оны екі есеге арттырады.
Жоғарыда көрсетілген қасиеттерді ескере отырып, адамның есту мүшесі шуылдың дыбыстық қысымының деңгейін анықтау үшін логарифмикалық шкала екендігі анықталды. Мұндай шкаланың әрбір сатысы шуылдың қарқындылығының өзгеруіне сәйкес келеді, бел деп аталады. Егер де бір дыбыстың қарқындылығы басқасынан 10 есе қарқынды болса, екінші дыбыстан бір белға артық болады, егер 100 есе болса – 2 бел, 10 000 есе болса – 4 бел және т.б.
Алайда, адамның есту мүшесі тек екі еселенген қатты дыбысты қабылдайды, бірақ, аралықтағы төмен ырғақты дыбысты да ажыратады. Сондықтан да практикада бірліктерді пайдаланған ыңғайлы, ол белдан 10 есе төмен болады - децибел (дБ).
Жапырақтың шуылы және оның қалыпты соқпа толқынның сыбдыры шамамен 20 дБ А тең, дауысының қаттылығы қалыпты жұмыс істеп тұрған телевизор шамамен 70 дБ А, ал мотоцикл 110 дБ А, жол жөндеу жұмыстарында қолданылатын ұрғыш балға - 120 дБ А (12-сурет).



12-сурет – Шуыл деңгейінің параметры


(http://go.mail.ru/search_images) [5]

Естілетін дыбыстар қамтитын бүкіл диапазон 140 дБ көрсеткішіне тең болады. Шуылдың ұдайы және үзік-үзік қалыпты нормадағы параметрлары 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц жиіліктегі октава жолағындағы орташа квадраттық дыбыс қысымының деңгейі болып табылады.


Бағдарланған бағаны зерделеу үшін Ашумомер (дБА) шкаласы бойынша өлшенетін дыбыстың сомалық деңгейі пайдаланылады.
Шкаланы қолдану дыбыс қарқындылығының орасан зор бүкіл дипазонын 0-ден 140-қа дейінгі (дБ) шекте өлшеуге мүмкіндік береді. Бақылау органдары шуыл деңгейін тексеру барысында немесе жұмыс орнындағы ұдайы шуылдың алдын алу шараларын әзірлеу барысында 4 формула бойынша (LA) есептейді:
(4)
Мұндағы РА= Ашумомер шкаласы бойынша өлшенген дыбыс қысымының орташа квадраттық көлемі (Па).

Біз дыбыстың не екенін білдік, дыбыс толқындары және олардың қандай болатыны олардың қайнар көздеріне байланысты болатындығы анықталды, дыбыс алқабы, сонымен қатар оның жылдамдығы мен дыбыс қысымы туралы да ақпарат зерделенді. Әрі қарай, осылардан қалай шуыл пайда болатындығын бағамдайық.


Сонымен, біз кез келген дыбысты ести аламыз және бағалаймыз, қатты шыққан дыбыстар үлкен қысым, ал төмен дыбыстар кішкентай қысым туғызады. Қысымды Паскальмен өлшейміз, алайда, дыбыс қысымының акустикасы әдетте децибелмен (дБ) өлшенеді, яғни, дыбысты естудің салыстырмалы шегі. Анықтама бойынша дыбысты есту шегінің көлемі тең pt = 0.00002Па = 20мкПа. Естілу шегі 0дБ қабылданады, ал дыбыстың қаттылығы l = 20 * log(p / pt) ретінде есептеледі, мұндағы l [дБ] – дауыс қаттылығы (дыбыс қысымы), p [Па]- дыбыс қысымы, pt [Па]- естілу шегі.
Жалпы қабылданған ұғым бойынша шуыл дегенміз уақыты бойынша ретсіз өзгеріске ұшырайтын түрлі қарқындылық пен жиіліктегі дыбыстардың жиынтығы болып табылады. Шуыл өзінің физикалық табиғаты бойынша дыбыс ретінде де түсіндіріледі, ол қатты ортадағы бірліктердің механикалық тербелісінен туындайтын толқын тәрізді болады (газдық, сұйық немесе қатты) [2, 3].





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет