Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет14/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
Пос ШУМ каз послед 18.01.16

Автокөлік көлігі

Автокөлік химиялық ластанумен қатар жағымсыз акустикалық әсерімен де ерекшеленеді, себебі ол заманауи қалалардағы шуылдың негізгі қайнар көзі болып табылады. Сондықтан жоғарыда атап өткеніміздей, автокөліктердің жалпы ағынында шуылдың басым көпшілігін жүк көліктерінің гуілі туғызады.


Әдетте, жекелеген көліктердің шуылға қосатын үлесін анықтау қиын. Осыған орай қажетті дұрыс ақпаратты алудың маңыздылығы шуылдың қайнар көзі болып табылады. Оның көлікты пайдалануға беру барысында туындайтыны анық. Автокөлік шуылының әсерін төмендету бойынша қажетті іс-шараларды жүргізу үшін шуылдың пайда болуының қайнар көзінің әрбірінің ерекшелігі туралы мәліметтерді зерделеген жөн.
Шуылды төмендету үшін жолдарды жақсарту және көлік ағынын реттеу, экрандар мен кедергілерді пайдалану қажет, сонымен қатар басқа да шараларды жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар қосымша іс-шаралармен қатар ғимараттарды жобалау және оларды салу барысында ішінен шуылды төмендету шараларын қарастыру қажет.
Шуылдың максималды деңгейі қалалардың магистралды көшелерінде байқалады. Сондай-ақ заманауи қалалардағы автокөлік қозғалысының орташа қарқындылығы сағатына 2000-3000 көлік бірлігінен асады, ал максималды шуыл деңгейі 90-95 дБ А болады.
Көлік ағыны шуылының сипаттамасы, ең біріншіден көшенің міндетімен анықталады (1-кесте):

1-кесте
Жолдар мен көшелердің категориясы және көлік ағынының шуылдық сипаттамасы (в дБ А)





Жолдар мен көшелер категориясы

дБ А

Жолдардың жылдамдығы

87

Үздіксіз қозғалыста болатын жалпы қалалық мақсаттағы магистраль көшелер

85

Жол қозғалысы реттелетін жалпы қалалық мақсаттағы магистраль көшелер

82

Аудандық мақсаттағы магистраль көшелер

81

Жүк көлігі жүретін магистраль көшелер

84

Өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық аудандардың жолдары

81

Жоғарыда айтып өткеніміздей, көше шуылының деңгейі көлік ағынының құрамымен, жылдамдығымен және қарқындылығымен анықталады. Сонымен қатар көше шуылының деңгейі жоспарланған шешімдерге, жол жабындыларына және жасыл жабындыларға байланысты болады. Мұндай шешімдерді іске асырудың әрқайсысы шуыл деңгейін 10 дБА төмендетеді.


Заманауи қалаларда жүк көлігінің үлес салмағы барынша жоғары, әсіресе дизельмен жүретін ауыр жүк көлігі қала шуылының деңгейінің өсуіне әкеледі. Мұндайда жалпы көлік ағыны ауыр шуыл режимін туғызады.
Автокөлік шуылы магистраль бойында жақын жерлерге де және алыстағы тұрғын үйлерге де таралады. Автокөлік шуылының деңгейінің төмендету үшін пайдаланылатын негізгі тәсілдер:
- көлік құралдары қозғалысының жылдамдығын төмендету, көше ағынын реттеуді жақсарту, автокөліктердің кейбір жекелеген түрлерінің белгілі бір уақытта және нақты белгіленген трассалармен жүруіне шектеу қою, ғимараттар мен тұрғын үйлердің дыбыс өткізбеушілік құрылғысын жақсарту және үлкен экрандарды жылдамдығы жоғары автотрассалардың жанында орналастыру;
- көлік құралдарының жүру және моторлық бөліктерін жөндеу және жетілдіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет