Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет24/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
Пос ШУМ каз послед 18.01.16

4.2 Экспозицияны бағалау

Экспозицияны бағалау шуылдың белгілі бір кезеңіндегі және оның әсер ету ұзақтығының (дыбыстың жағдаяттардың саны және олардың ұзақтығы) параметрлерін реттейтін анықтама береді, сонымен қатар тұрғындардың зиянды факторлармен қарым-қатынасының өлшенген тәуліктік мөлшерін бағалау жүргізіледі.


Осы әдістемелік нұсқауда шуыл эквивалентін есептеу кезеңіндегі мезет есепке алынып, шуыл сипаттамасының жиілігі бойынша әдістемелік нұсқау беріледі.
Қауіп-қатерді бағалау барысында қолданыстағы шуылдың негізгі бірлігі ретіндегі көрсеткіш L (тәуліктік шуылдың орташа өлшенген эквиваленттілік деңгейі), күндізгі, кешкі, түнгі уақыттағы шуыл деңгейін ескере отырып теңдеу бойынша анықталды,

Lden = 10*lg1/10(12*10Lday/10 + 4*10Levening+5 + 8*10(Lnight+0)/10


мұндағы:
Lday - эквиваленттік жүйеленген күндізгі 12-сағаттық шуыл деңгейі;


Levening – эквиваленттік жүйеленген күндізгі 4-сағаттық шуыл деңгейі;
Lnight - эквиваленттік, жүйеленген 8-сағаттық түнгі шуыл деңгейі.

Кешкі шуыл туралы мәліметтер болмаған жағдайда күндізгі 16 сағаттық және түнгі 8 сағаттық шуыл мәліметтері ескерілуі мүмкін. Онда келесідей формула пайдаланылады:


Lden = 10*lg1/10(16*10Lday/10 + 8*10(Lnight+0)/10


где:
Lday - эквиваленттік жүйеленген 16-сағаттық күндізгі шуыл деңгейі;


Lnight - эквиваленттік жүйеленген 8-сағаттық түнгі шуыл деңгейі.

Экспозицияны бағалау шуыл өлшеу құралдарының негізінде алынған нәтижелерге сүйене отырып орындалады, сондай-ақ көлік нысандарындағы өндірістік бақылау нәтижелері бойынша да жүргізіледі (жол желіліерінің мониторингі, айналма, аймақтық, өндіріс ішінде жүретін көліктар және санитариялық-қорғау аймақтары және т.б.). Экспозицияны бағалау үшін басқа да мәліметтерді қолдануға болады, бірақ олар аккредиттелген зертханаларда орындалып, шуылды өлшеудің ұдайы негіздегі біртекті әрі жүйеленген үлгісін ұсынуы тиіс.


Күтілетін экспозицияның бағалауы үшін шуыл эквивалентінің түрлі мәнді есептері қолданылуы мүмкін, олар эмпирикалық жолмен немесе математикалық үш деңгейлік моделдеу жолымен алынады, аттестатталған (ұсынылған) әдістер негізінде жүргізіледі.
Экспозицияға бағалау жүргізу барысында авиациялық шуыл ескеріледі, шуыл туғызатын жағдайлардың уақытын бекітіп, өлшеу құралдарын қолдану міндетті болып табылады (авиация кемесі ұшуының ұзақтығы).
Акустикалық есептеу жүргізу үшін белгілі бір нүктені, тұрғындардың тұрақты тұрғылықты жерін, демалыс аймақтарын, үй ішіндегі орын-жайларды, балалар мекемелерін, сонымен қатар қауіп-қатерді бағалау үшін арнайы таңдалып алынған орындарды анықтау қажет аса маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет