Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Пос ШУМ каз послед 18.01.16
№3 қосымша Автокөлік шуды аспаптық өлшеу нәтижелері бойынша тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалаудың мысалы Зерттеулер тәулік ішінде автокөлік шамадан тыс жиналатын қаланың орталық аймағында жүргізілді. Көліктік шу деңгейлері анықталып, кейін алынған мәндердің негізінде спецификалық емес әсер мен спецификалық патология даму қаупі есептелді. Зерттелетін аймақтың өлшемдерін және әрі қарай қауіп-қатерді есептеу үшін әр сызбадан 4 нүкте таңдалып алынды (кестені қараңыз). Кесте-Алматы қаласының зерттелуші аймағында анықталатын күндізгі уақыттағы эквивалентті дыбыс деңгейлері мен қауіп-қатердің орта көрсеткіштері.
Күндізгі уақытта зерттелуші аймақтағы көлік жүретін аумаққа ең жақын, тұрғын үйлерден екі метр қашықтықта өлшенген көліктік шу деңгейлері 61 мен 67 дБа аралығында ауытқыды. Бұл көрсеткіш нормативті деңгейден орта есеппен 6- 12 дБажоғары (1 кестедегі 3 пен 7 баған). Бақылау аумағында тұрғын ғимараттан екі метрдегі эквивалентті көрсеткіштер мәні – 49-дан 53 дБа дейін, сәйкесінше 3-тен 10 дБа дейін. Барлық бекітілген нүктелерде «Нұсқаулық…» [15] көрсетілген критерий бойынша шу деңгейлерін анықтағаннан кейін, спецификалық емес кауіп пен спецификалық патология даму қаупі бағаланды. Спецификалық емес әсердің қауіп мәндері бойынша берілген мәліметтер барлық бақылау аймақтарында жалпы алғанда «қанағаттанарлық емес», ал спецификалық патология қаупі «рұқсат етілген» болып бағаланды. Өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар Тест тапсырмалары 1. Антропогендік физикалық факторлар: 1. Күн радиациясы 2. Жердің табиғи радиациялық фоны 3. Атмосфералық қысым 4. Транспорт шуылы 5. Ластаушы заттардың атмосфераға тасталуы 2. Қандай да болмасын дерек көзі бар инерциясы және қысымдылығы бар материалдық ортадағы тербелістік қозғалыс дегеніміз: 1. Дыбыс 2. Діріл 3. Сәулелену 4. Зерделену 5. Жер сілкінісі жүктеу/скачать 1,24 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |