Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет29/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38
Қорытынды

Қазіргі таңда қалалардың қарқынды дамуына байланысты, олардың инфрақұрылымы да дамып жатыр, оған экологиялық, өндірісітік және әлеуметтік салалар жатады. Мұнда көлік (автомобиль, рельстік және авиациялық) аса маңызды құрамдас жбөліктердің бірі болып табылады. Сонымен қатар қалалардың дамуымен бірге тұрғындар санының артуы да заңды құбылыс болып отыр, олар химиялық ластану, қалалардағы шуыл сияқты жағымсыз факторларға тап болды.


Оқу құралында қалалы жерлердегі шуыл мәселесін, әсіресе автокөлік шуыл зерделедік.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, шуыл бұл уақыты бойынша ретсіз өзгеріп отыратын, түрлі қарқындылық пен жиіліктегі дыбыстарға шуыл деген анықтама берілді.
Өз деңгейіндегі қалыпты шектегі 20-80 дБ шуылы өмір сүру үшін тиісті қажеттілік болып табылады. Шуыл өзінің шектік қалпынан асып кеткен жағдайда ол адам ағзасына кері әсер етіп, жағымысз әсен туғыза бастайды: орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, тыныс алу жылдамдығы өзгереді және тамыр соғысы да өзгеріске ұшырайды. Мұның барлығы да жүрек қантамыр жүйесінің ауруларына, гипертонияға, сонымен қатар есту қабілетінің төмендеуіне тіпті есту қабілетінен айрылуға да соқтырады. Шектен тыс шыққан шуылдың әсерінен адамның қоршаған орта факторларына деген бейімділік және қорғаныс механизмі төмендейді.
Қоршаған орта мәселесін шешу тұрғындардың денсаулығын қорғау саласындағы аса маңызды аспект болып табылады. Ауру көрсеткіштерінің мәліметтері бойынша шуыл қоршаған ортаға байланысты қауіп-қатер факторының ішіндегі ауа ластануынан кейінгі маңыздылығы бойынша екінші орынды алып отыр. ДДС тұңғыш рет қоршаған ортадағы шуыл мәселесіне қатысты 1999 жылы қоғамдық денсаулық сақтау саласына арналған нұсқаулық жариялады (Қоршаған ортадағы шуылға байланысты ДДС нұсқаулығы, 1999 ж.). Бұл нұсқаулықтар Түнгі шуылды бақылау бойынша еуропалық нұсқаулықта өзінің жалғасын тапқан (2009 ж.). Осыдан кейін қоршаған ортадағы шуылдың адам денсаулығына ықпалы туралы жаңа маңызды мәліметтер жарияланды, бұл қолданыстағы нұсқаулықтарды қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар Еуропалық Одақтың директивінде (ЕО) 2002/49/ЕС және Қоршаған орта мен денсаулықты қорғау Парм декларациясында (2010 ж.) шуыл бойынша әзірленген нұсқаулықтар мен ұсыныстардың жаңартылуы аса маңызды екендігі атап көрсетілген. Туындаған сұраққа жауап беру үшін ДДС Еуропалық аймақтық бюросы жақында жаңа нұсқаулықтарды әзірлеу үдерісін бастады, бұл өз кезегінде Еуропалық аймаққа арналған қоршаған орта шуылы бойынша ДДС нұсқаулығы сияқты кеңінен таралуы тиіс (әрі қарай Нұсқаулық). Нұсқаулық шуылдың адам денсаулығына кері әсерінің ауыр салдарлары туралы жүйеленген тұжырымдамадан, сондай-ақ шуылдың денсаулыққа залалын төмендету үшін қажетті шараларды қолдануды талап етеді.

Нұсқаулықта шуылдың пайда болуының түрлі дерек көздері қарастырылады, мәселен: авиациялық, теміржол және автомобил көлікы, сондай-ақ дербес электрондық құрылғылар және жел құбырлары. Сонымен қатар Нұсқаулықта ғимараттардың, тұрғын үйлердің, ауруханаларрдың, оқу мекемелерінің өзіндік ерекшеліктері де қарастырылған. Қазіргі таңда көрсетілген салалардағы жұмыстар жалғастырылып жатыр. Нұсқаулықта қоршаған ортадағы шуылдың әсерінен денсаулыққа келтірілетін залал туралды өзекті мәселелер, сонымен қатар мемлекетке, ДДС мүшелеріне және шуылды азайту мен онымен күрес барысында қолдау көрсету үшін ғылыми негізделген ұсыныстар берілген.


Нақты және дәлелді ақпарат алу үшін шуылдың пайда болуының дерек көздерін білу өте маңызды болып табылады. Автокөлік шуыл азайту шараларын жүзеге асыру үшін әрбір шуылдың, яғни оның пайда болуының ерекшелігі туралы толыққанды мәлімете алу қажет.
Елді мекендердегі шуыл пайда болуының негізгі көзі автокөлік, рельстік көлік, авиакөлік, өнеркәсіптік нысандар, құрылыс нысандарының тербелісі, қатты қойылған музыка және т.б.
Сонымен қатар шуылдық ластану, әсіресе, үлкен қалалардағы негізінен локалдық сипатта болады және олар қалалық, теміржол және авиациялық көліктер қозғалысынан пайда болады. Қазіргі таңда ірі қалалардағы магистралдардағы шуыл деңгейі көбінесе 90 дБ асып кетеді және ол жыл сайын артып отыр. Бұл қоршаған орта үшін де тұрғындар үшін де үлкен қауіп төндіреді. Бұл адам ағзасына кері әсер етіп, денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.
Оқу құралында қауіп-қатерді талдау және қауіп-қатерді бағалаудың негізгі ұғымдары, анықтамасы берілген. Көлік шуылының тұрғныдар денсаулығна әсері, одан болатын қауіп-қатерді бағалау кезеңдері қарастырылған: қауіптілік идентификациясы, экспозиция, «мөлшер-әсер» және қауіп-қатер сипаттамасы.
Қауіптілік идентификациясы кезеңінде ең басты екі функция орындалады: зерттелетін ортадағы қауіпті факторлардың барлығын анықтау және басым бағыттарды таңдау, қауіп-қатерді бағалау үшін зерттеу жүргізудің алдағы кезеңдерін пайдаланылатын және талданатын мәліметтерді жинау. Тұрғындар денсаулығына келтірілген залалды нақты сипаттайтын тәсілдер таңдалады, олар зерттеу жүргізілетін аймақта тұруы тиіс.
Сонымен қатар қауіптілік идентификациясы барысында кездесетін барлық негізгі белгісіздіктерді көрсету қажет. Бұл зерделеу үшін әрқашанда да қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет болады және оған қосымша қаржы бөлінуі тиіс.
Дегенмен де аталған кезеңде қоршаған орта ластануының алғашқы барлық дерек көздері талданып, сарапталды деп айтуға болады. Қауіптілік идентифтикациясы кезеңінде алынған барлық ақпараттар әрі қарай қауіп-қатерді бағалау бойынша жүргізілетін зерттеу кезеңдерінде пайдаланылады.
Әрі қарай анықталған басымдықтар бойынша залалды әсер мен зерттелуші популяция («мөлшер-жауап» тәуелділігін бағалау кезеңі) арасындағы сандық байланысты анықтау қажет.
Оқу құралында «концентрация-жауап» тәуелділігінің барлық спектрі қарастырылған, бұл шуылдың қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына залалды ықпалын анықтау барысында әдістеме ретінде қарастырылалы. Мұндай параметрлерді қолдану түрлі биологиялық орталардағы әсерлердің залалды ықпалының басым бағыттарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Қауіптілік идентификациясы кезінде алынған қауіптілік факторларының сапалық мәліметтерінің кешенді талдамасы және «мөлшер-жауап» тәуелділігінің сандық параметрлері туралы мәліметтер талданып, сарапталды.
Экспозицияны бағалау кезеңінде аса маңыздысы зерттелетін аймақтағы тұрғындардың денсаулығын зерделеу, қоршаған орта ластануының деңгейін анықтау, көлік құралдарының идентификациясы болып табылады. Осының негізінде тұрғындар денсаулығына әсер етудің соңғы нақты шешімдері қабылданды. Ықпал етудің алдын ала сценарийі территорияның концепуталды моделін әзірлеу барысының даярлық кезеңінде зерделенеді.
Қауіп-қатерді бағалаудың жоғарыда сипатталған кезеңдеріндегі мәліметтерді ескере отырып, қорытынды кезеңде «қауіп-қатер сипаттамасы» келесі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: эпидемиологиялық мәліметтер негізінде зиянды әсерлердің дамуы қауіпін зерделеу.
Оқу құралы көлік шуылының әсерінен тұрғындардың денсаулығына қауіп-қатерін бағалау бойынша білім алушылардың практикалық және құқықтық білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін болады.

- увеличение экспозиции (интенсивности/времени воздействия) шума на отдельные группы населения сопровождается достоверным увеличением частоты или распространенности предполагаемого нарушения здоровья в этих группах


городских
Резюмируя выше Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Оценка риска здоровью населения от воздействия көлікного шума. Методические рекомендации - МР 2.1.10.0059-12. – М.: Федеральный центр гигиены и эпидемиологии Роспотребнадзора, 2011 – 40 с

  2. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/Под ред. У.И. Кенесариева. – Алматы: «Самара-Принт», 2013. - 688 с.

  3. Гигиена /Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. - 608 с.Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А., Авалиани С.Л., Буштуева К.А. Основы оценки риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду / Под. ред. Рахманина Ю.А., Онищенко Г.Г. М.: НИИ ЭЧ и ГОС, 2002. - 408 с.

  4. http://wiki.integral.ru/index.php.

  5. http://go.mail.ru/search_images.

  6. Никитин Д.П., Новиков Ю.В. Окружающая среда и человек: Учеб. пособ. для студ. – М.: Высш. шк., 1986. – 415 с.

  7. World Urbanization Prospects: The 2011 Revision.

  8. World Population Prospects: The 2010 Revision

  9. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения: Учебник для медицинских ВУЗов и колледжей. Алматы, 2002.- 260 с.

  10. Хван Т.А., Хван П.А. «Основы безопасности жизнедеятельности» из-во ''Феникс'' Ростов н/ Дону- 2005г.

  11. Шум на транспорте. Пер. с англ. К.Г. Бомштейна. Под ред. В.Е. Тольского, Г.В. Бутакова, Б.Н. Мельникова. – М.: Көлік, 2005.

  12. Авалиани С.Л., Ревич Б.А., Балтер Б.М., Гильденскиольд С.Р., Мишина А.Л., Клиушина Е.Г. Оценка риска загрязнения окружающей среды для здоровья населения как инструмент муниципальной экологической политики в Московской области. Подольск, 2010. - 309 с.

  13. Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду (Р 2.1.10.1920-04), утв. Главным государственным санитарным врачом РФ 05.03.2004 (Guidelines for Human Health Risk Assessment from Environmental Chemicals).

  14. Оценка риска здоровью населения от воздействия көлікного шума. Методические рекомендации - МР 2.1.10.0059-12. – М.: Федеральный центр гигиены и эпидемиологии Роспотребнадзора, 2011 – 40 с

  15. Оценка риска здоровью населения от воздействия шума в условиях населенных мест. Инструкция 2.1.8.10-12-3-2005. Утв. Постановлением Главного государственного санитарного врача Республики Беларусь 22.02.2005 N 20.

  16. Онищенко Г.Г., Новиков С.М., Рахманин Ю.А., Авалиани С.Л., Буштуева К.А. Основы оценки риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду / Под. ред. Рахманина Ю.А., Онищенко Г.Г. М.: НИИ ЭЧ и ГОС, 2002. - 408 с.

  17. Night-time aircraft noise increases prevalence of prescriptions of antihypertensive and cardiovascular drugs irrespective of social class—the Cologne-Bonn Airport study. Greiser E., Greiser C. And Janhsen K., 2007.

  18. Noise exposure and children's blood pressure and heart rate: The RANCH-project.

  19. Noise From Civilian Aircraft in the Vicinity of Airports - Implications for Human Health - Noise, Stress and Cardiovascular Disease.

  20. Noise pollution: non-auditory effects on health. – Stansfeld S. and Matheson M.P. // British Medical Bulletin vol. 68, N 1, 2003

  21. Selection and evaluation of exposure-effect relationships for health impact assessment in the field of noise and health. – van Kempen E. // 2005

  22. Self-report of transportation noise exposure, annoyance and noise sensitivity in relation to noise map information. – Heinonen-Guzejev M., Vuorinen H.S., Kaprio J., Heikkila K., Mussalo-Rauhamaa H., Koskenuo M. (2004)

  23. Transportation noise and cardiovascular risk, review and synthesis of epidemiological studies, Dose-effect curve and risk estimation. – Babisch W. // Berlin, 2006

  24. WHO Report on the third meeting on night noise guidelines, 2005.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет