8.7. Ауылдар экологиясына байланысты ауыл тұрғындарының денсаулық ерекшеліктері Ресми статистикалық деректер бойынша ауылдық тұрғындар денсаулығын сипаттайтын көп көрсеткіштер қалалық тұрғындар көрсеткіштерінен көп жақсырақ.
Осылай, мысалы ауылды жерде туушылық қаладағыдан жоғары; өлім-жітім қалалық тұрғындар арасында шамалы жоғары; орташа болашақ өмір ұзақтығы ауыл тұрғындарында қалалық тұрғындардан жоғары.
Қалалық тұрғындардың жалпы аурушандылығы ауылдық тұрғындар аурушандылығынан көп асады (мың тұрғынға шаққанда қалада 3800-4500 аурушандықтың кездесу жағдайы, ауылда 1500-1800 кездесу жағдайы болады). Шынында да осылай ма? Осы көрсеткіштер деңгейі не нәрсеге тәуелді?
Осы сұрақтар көп себептерге тәуелді және солардың ішінде мыналарға:
біріншіден, дәрігерлік кадрлармен тұрғындардың қамтамасыз етілуіне және осымен байланысты диагностика деңгейі мен (ауылда ауруларға диагностика жасайтын кәп мамандар жетіспейді);
екіншіден, медициналық көмекке тұрғындардың қолы жетуінде;
үшіншіден, тұрғындардың білімділігіне.
9. «Денсаулықтың» заманауи түсінігі. Тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын анықтаушы фaктopлар
Денсаулық түсінігі оны бағалау. Денсаулықты анықтаушы факторлар
"Денсаулық" түсінігі нені көрсетеді?
Қазіргі әдебиетте "денсаулық" атауына 100-ден артық анықтаулар мен түсіндірулар бар. Әдебиетте бар "денсаулық" түсінігін анықтауға бағытталған жолдарды мынадай үлгіде жіктеуге болады.
1) денсаулық аурулар болмауы;
2) денсаулық және норма ұқсас түсінік;
3)денсаулық морфологиялық, психоэмоциональдық және әлеуметтік экономикалық константалар ретінде
Академик Ю.Лисицын көрсеткендей, осы жолдардың барлығына тән жалпы ортақтығы, денсаулық ауруға қарсы, аурудан басқа деп түсіндіріледі, былайша айтқанда "денсаулық" түсінігі осы уақытқа дейін “саулық емес" деген түсінік арқылы анықталады және аурулардың, даму кемістігінің, келеңсіз жағдайларының, өлім-жітім деңгейінің тарауларына тәуелді. Осы үлгіде, медицина және оның теориясы патология қоластында қалуда. Осы уакытқа дейін жеке және қоғамдық денсаулықтың өлшемі мен құрамын, сапасы мен санын көрсететін индекстері жоқтың қасы.
Осы уақытта бұрыннан келе жатқан патология теориясымен қатар жаңа теория, денсаулық теориясы валеология дамып келеді. Денсаулықты бағалауда 4 денгейге бөлу қабылданған:
1 деңгей − жеке адам денсаулығы;
2 деңгей −aз әлеуметтік немесе этникалық топтардың денсаулығы топтық денсаулық;
3 деңгей −тұрғындар денсаулығы әкімшілік-территориялық бірлік.
4 деңгей −қоғамдық денсаулық тұтасымен қоғамның, популяцияның денсаулығы.
Топтық денсаулық тұрғындар денсаулығы, қоғамдық денсаулық сипаттамалар статикада және динамикада бөлек әрбір адамның жеке басынын денсаулығының интегральдық түсінігі ретінде қаралады. Бірақ та оны жай деректер жиынтығы ретінде емес, санды-сапалы көрсеткіштермен көрсетілген, біртұтас өзара байланысты мәліметтер жиынтығы ретінде түсіну керек.
Академик В.П. Казначеевтін пікірі бойынша, индивидуумның денсаулық күйін онын оптималдық енбекке қабілетгілігі мен өмірінін максималдық ұзақтығында әлеуметтік белсенділігін психикалық, физиологиялық функциялардың сақталуы мен дамуы үрдістері ретінде анықтауға болады.
Осы анықтаманы профессор И.М.Воронцов балаларға қатысты толықтыруға болады деп санайды. Оның пікірінше, бала денсаулығы бұл әлі ұзақтығы бойынша максималды, аурусыз және әлеуметтік өмірінің ұзақтығы денесінің де, интелектуалдық және адамгершілік жетілінуінін де макисмалдык биологиялық детерминацияланған деңгейлеріне ересектік өмір кезеңінде жету және оптималдык дамуға кедергі жасайтын қауіптілік факторлар мен себептер жоқтығы. И.М.Воронцов "денсаулық-ауру" кеңістігінде нозологиядан сырт, әлеуметтік-бағытталған ортақ критерийлер бөліп шығарады.
Бұзылулар кез келген өмірлік қызметі маңызды анатомиялық құрылымның, физиологиялық немесе психологиялық функцияның жоғалуы, жеткіліксіздігі, анатомиясы немесе бүлінуі.
Өмірлік қызмет шектелуі өзіне-өзі қызмет атқару, жүру, бағытталу, сөйлесу өзінін тәртібін бақылауды іске асыру қабілеттілігінің шектелуімен сипатталатын денсаулық бұзылуы салдарынан адам кызметінің нормадан ауытқуы.
Әлеуметтік жетіспеушілік берілген жастағы, жыныстағы, онын әлеуметтік және мәдени орнының ерекшеліктеріндегі адам үшін әдеттегі функцияларды өмірде және қоғамда бұзылулардан немесе өмір қызметінің шектелуінен туылған орындау мүмкіндігінің болмауы немесе төмендеуі, басқаша айтқанда қоғамда тірі қалуға және оның алдында өз парызын орындауға бағытталған "өмірлік бағытталған" реализациясы.
Бала мен болашақ ересек денсаулығы генетикалық бағдарламаның оптималдық реализациясының жинағы (нәтижесі).
Индивидуалдық денсаулықты бағалау үшін бір қатар шартты көрсеткіштер денсаулық ресурстары, денсаулық потенциалы және денсаулық балансы сияқты терминдер қолданылады.