Ластаушы заттар табиғатына және биологиялық әрекетіне, денсаулыққа әрекетінін ұзақтығы мен қарқындылығына тәуелді шартты түрде жедел және созылмалы деп бөлуге болады.
Ластаушы заттардың жедел әрекеті жағдайларда ғана білінеді: берілген елді мекен үшін әдеттегі ластаушылардың күрт көбеюі нәтижесінде немесе жаңа зиянды заттардың уақытша білінуінде болуы мүмкін. Қоршаған орта ластануының көбеюі кезеңі күндер немесе сағаттар құрауы мүмкін, ол болған ластанудың деңгейін сипаттау үшін, материалдың орташа дәрежесін аныктайды.
Ластаушы заттың биологиялық әрекетінін ерекшеліктеріне және дозасына (әрекет ұзақтылығы мен және карқындылығымен анықталатын) тәуелді тұрғындар өлім-жітімі мен жалпы аурушаңдығы көбеюі, ағзаға арнаулы емес физиологиялық және биохимиялық өзгерістер білінуі мүмкін.
Ластаушы зат бұл жерде провокациялық фактор рөлін атқарады, өйткені ұқсас өзгерістер ағзада баска факторлар әсерінен де байқауды мүмкін. Ластаушы зат этиологиялық фактор рөлін атқарғанда жеке жағдайларда арнайы (спецификалы) аурулар пайда болады.
Ауаның тоқыраушылық құбылыстары қаншалықты ұзақ уакыт сақталса, токсикалық тұмандар кезендерінде солғұрлым ластану кобеюі тіркелген.
Жедел әсерлері кезеңдерінде ластану деңгейлері әдетте метеорологиялық факторлар әрекетінен өзгереді, сондықтан метеорлогиялык жағдайлар бірақ төмен ластану деңгейлерімен өзеруінін денсаулыққа мүмкін қолайсыз әсерін ажырату (дифференциялау) қажет, осыған байланысты олардың жоғарылау кауіпті мағыналарға жетпейді. Осы жағдайдағы эффект айырмашылығы атмосфералық ластанулардың жедел әрекетін айырып алуға мүмкіндік береді.
Қоршаған орта ластанулары әрекетінің сипаты бойынша оны зерттейтін әдістемелік жолдар ерекшеліктерін анықтайтын 2 типке бөлуге болады: ластықтардың созылмалы арнайы емес (провокация) әсері және арнайы әрекеті, онда ластаушы этиологиялық фактор рөлін ойнайды. Соңғы тип накты ластушылардың азғана сандарының әсерімен шектелген. Осы әсер арнайы симптомдармен және белгілермен аныкталады. Бірінші тип үшін, биологиялық әрекеті бойынша әртүрлі және әртүрлі кластарға жататын заттар әсерінің көптүрлі білінуі тән.
Ластаушылардын арнайы әрекетінің типтік білінулеріне итай-итай, Минамата, Юшо, флюороз, бериллиоз, асбестоз ауруларын жатқызуға болады. Нақтылы ластаушының әрекеті үшін арнайы аурулар емдеу мекемелерінде немесе арнаулы медициналық қарауларда табылады. Осыған байланысты қоршаған ортаның арнайы қосылыстармен ластанған аудандарда санитарлық дәрігер емдеу-профилактикалық мекемелер дәрігерлерінің назарын нақты ластаушылар әрекетінің ерекшеліктеріне аудару керек.