Біріншілік алдын алу аурудың себебі немесе қауіп-қатер факторы болып саналатын факторларды жоюға немесе қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге бағытталған.
Бұл жалпы популяциялық (тұтас) сипатта алуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда - қысқа бағытта.
Бірінші ретте салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, екінші ретте ic-шаралар кезеңдерінде қауіп-қатер аумағында сезінеді.
Екіншілік алдын алу -сырт көрінісі бойынша, дені сау адамдарда патологиялық алдындағы жағдайды ерте анықтаудан және бұл жағдайлардың ауруға өтуінің алдын алу жөнінде шаралар жүргізуден тұрады.
Емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу үрдісінде оны ерте анықтауға, емдеу және аурулардың сұрауды, жеке топтарын анықтауда қауіп-қатер топтарында анықтау басты міндет болып табылады.
Үшіншілік алдын алу-ауырған адамдарға жүргізіледі.Оның мақсаты-ауруды ерте анықтау және емдеу, аурудың әрі қарай үдеуінің және оның салдарының-асқынуының, қайталануының, созылмалы түріне өтуінің және басқалардың алдын алу.
1.6. Зерттеу әдістері: Медициналық-экологияның міндеттері өзара байланысқан төрт медициналық-экологиялық зертеулер топтамасын жүргізу арқылы өз шешімін табады.
I. Қоршаған орта объектілерінің сапасын талдау.
II. Қоршаған орта факторларының адам мденсаулығына және оның өмір сүру жағдайларына тигізетін әсерін тәжірибелік-гигиеналық бағалау.
III. Халықтың денсаулық жағдайын эпидемиологиялық зерттеу.
IV. Тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларынан болатын қауіп қатерді бағалау.
Зерттеу жүргізгенде гигиеналық нормалар мен әдістер қолданылады
Бірінші топтаманы зерттеу үш міндеттен тұрады:
І міндет. Зерттелетін аймақтарда ортаның нақтылы күйінің гигиеналық сипаттамасы.
Осы міндетке мынадай зерттеу түрлері кіреді: 1. Берілген аймақ немесе мәселе туралы басылып шыкқан әдебиетке талдау бұл мәселе туралы көріністер мен зерттеулер қажеттігін береді.
2. Жұмыстың құжаттары талдауы есеп берулер, санитарлық эпидемиологиялық кызмет, экологиялык қызметтер, қоршаған ортаны қорғау бойынша ведомстволык лабораторилардың және т.б. бюллетені.