Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет21/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105
Озон қабатының бұзылуы
Озон қабаты бұзылуының негізгі себебі хлор мен сутекті қосылыстар, олар атмосфералық ауаға фреондардың ыдырауынан пайда болады.
Фpeoндар планетамызға басқа заттармен реакцияға түспейді. Бөлме температурасында олар тез қызады және көлемі ұлғаяды. Таралуы тез болғандықтан ұзақ уақыт бой олар аэрозольдер шығаруда қолданылған. Кеңейген қалыпта ол тез суыйды сондықтан тоңазытқыштар өндірісінде кеңінен қолданылады.
Ультракүлгін сәулелер әсерінен атмосфераның жоғары қабаттарында фреондардан хлор атомдары бөлініп, озонмен реакцияға түседі де оттегі молекуласына айналады. Хлор атмосферада 120 жылға дейін бола алады, оның ішінде 100 мың озон молекуласын жоя алады. Осы негізде әлемдік қауымдастық ХХ ғасырдың 80 жылдары фреон шығару өндірісін қысқарту бойынша іс шараларды қолға ала бастады. 1987 жылы қыркүйекте әлемнің басты мемлекеттерімен ғасырдың соңына дейін фреондарды өндіруді екі есеге дейін қысқарту туралыконвенцияға қол қойылған. Фреондарды алмастыратын заттар қарастырылуда. Аэрозольдарда қазіргі кезде оларды алмастыратын пропан−бутан қоспасы пайдаланылуда, басты кемшілігі от қауіптілігі. Тоңазыту құрылғыларында фреондарды аммиакпен алмастыруда, бірақ ол физикалық параметрлері бойында артта қалып тұр.


3.2.2. Тpoпocфepa


Жылулық эффeктісі.
Жылулық эффект механизмі жердің беткі қабатындағы күн сәулесінен ұзын толқынды инфра қызыл сәуле көзіне айналып қыздырады. Сонымен қатар сәулеленудің жартысы космосқа таралса, екінші бөлігі бірнеше газдарға әсер беріп атмосфераның жерге жақын қабатын қыздырады. Бұл құбылыс «жылулық эффект» деген атауға ие болды.
Аталған эффектінің басты оң тұстары Жердің беткі қабатын жылыту болса, планетадағы өміршеңдікті сақтау. Жылулық эффектісіз атмосфераныі жерге жақын қабатында температура -18°C болатын еді.
Жүздеген миллион жылдар бұрын жылулық эффект аса жоғары вулкандар белсенділігінен бөлінетін көмір қышқыл газы мен су буынан болатын. Ол уақытта көмірқышқыл газы қазіргі концентрациясынан мың есе артық болған, бұл әлемдік мұхиттің «аса жоғары жылыту эффектісіне» әкеліп, температурасын қайнау шегіне дейін жеткен.
Өсімдіктердің пайда болуынан бастап көмірқышқыл газы атмосферада белсенді түрде сіңіріліп, тепе−теңдікті сақтау жағдайына дейін азайды, осы негізде орташа жылдық температура +15°C аралығында болып тұр.
Индустрия дамуына байланысты атмосфераға қайтадан көміртегі диоксиді мен басқа да жылыту газдары бөлініп орташа жылдық температура көтерілуде.
Жылулық эффектінің еселенуіне байланысты климаттық өзгерістер, жылу, жауын−шашын жиілігі мен қарқындылығы да артуда. Ғаламдық температураның артуы мұздықтардың еруі, әлемдік мұхит деңгейінің жоғарылауы, тұщы су көздерінің кеуіп кетуі, адам денсаулығы мен өмірінің сапасынан көрініс табуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет