1971 жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңын қыскаша былай көрсетуге болады:
l. Барлығы барлығымен байланысты (табиғаттағы үрдістер мен құбылыстардың жалпыға ортақ байланысы).
2. Барлығы қайда болса да бару керек (кез келген табиғаттық жүйе оны қоршаған ортаның энергетикалық және ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалану есебінен ғана дами алады).
3. Табиғат жақсырақ "біледі" (табиғаттын механизмдері мен функциялары туралы абсолюттік айкын ақпаратты білмей, біз оны жақсартуға тырысып, оған оңай зиян келтіруіміз мүмкін).
4. Еш нәрсе тегін берілмейді (ғаламдық экожүйе біртұтас екендігін көрсетеді, оның ішінде еш нәрсе ұтпайды немесе жоғалмайды, жалпыға ортақ жақсарту объектісі бола алмайды адам еңбегі үрдісінде алынғаннын барлығы қайтарылуы керек).
Басқа заңдар қағидалар және ережелер ішінен мыналарды көрсетуге болады:
бөлек табиғи жүйелердің заты, энергиясы, ақпараты жоне сапасы өзара байланысқандығы соншалықты, осы факторлардың біреуінің кез келген өзгерісі барлық жүйелер мен олардың иерархиясының функционалдық, құрылымдық, сапалық және сандық өзгерістерін тудырады;
әлсіз әрекеттер табиғи жүйенің жауап реакцияларын туғызбауы мүмкін. бірақ олар жинақтала келе тасқынды болжауға болмайтын динамикалық үрдіске әкеледі (Х.Боумен);
өмірлік мүмкіндіктер, саны мен сапасы экожүйеге қажетті минимумге жақын экологиялық факторлармен лимиттенеді, олардын төмендеуі ағза қазасына немесе экожүйе деструкциясына әкеледі (Ю.Либих);
табиғи биотаның шектік мағынадағы аумағынан артық қысқаруы қоршаған ортаның түрақтылығын жояды, одан кейін ол тазарту құрылыстарын орнатумен және қалдықсыз өңдіріске көму жолымен қайтадан қалпына келтірілмейді (В.Г.Горшков);
экологиялық әрекеттің минимумы да ағза өркендеуінің лимиттеуші факторы болуы мүмкін, олардың арасыңдағы диапазон берілген факторға катысты ағзаның төзімділігін (толеранттығын) анықтайды (В.Шелфорд);
Кез келген табиғаттық жүйе қоршаған ортаның материал-энергетикалык және ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалану есебінен ғана дами алады. Абсолютті оқшауланған даму мүмкін емес.
Соңғы келтірілген заң негізгі салдарлары болғандыктан манызды теориялық және машыктық мағынасы бар:
А) абсолютті қалдықсыз өндіріс болуы мүмкін емес (мәңгілік қозғалтқыш жасауға теңдес). Осы салдарды іске асыра отырып, кірісінде де, шығысында да аз ресурс сыйымдылықпен аз қалдықты өндіріс жасау маңызды (тиімділік және азғантай қалдықтар шығару). Циклді өндіріс жасау (бір үрдістердің қалдыктары басқалар үшін шикізат қызметін атқарады) және болмай қалмайтын қалдықтардың саналы деполануын (көмілуін) үйымдастыру, жоюға болмайтын энергетикалық қалдықтарды нейтрализациялау;
Б) кез келген дамыған биотикалық жүйе, әмір ортасын пайдалана және түрін өзгерте отыра, одан азырақ үйымцастырылған жүйелерге потенциальды кауіп-катер туғызады. Сондықтан биосфереда өмірдін қайта тууы мүмкін емес ол тіршілік ететін организмдермен құртылады.
Осыдан туатын саллар, адам тұратын ортаға әрекеттер жасағанда, оларды нейтрализациялауы керек, өйткені олар табиғат үшін де, адамнын өзі үшін де қиратушы болуы мүмкін:
орнықты тепе-теңдік күйінен шығаратын сырттан әрекет болғанда, тепе-тендік сыртқы әрекеттің әсері әлсіреген бағытына қарай ауысады (Ле Шателье-Браун);
кеңістікте және уақытта алыстатылған құбылыстың маңызы аздау болып көрінеді (табиғат пайдалануда осы қағидат әсіресе жиі жаңылыс машықтық әрекеттердің негізі болады);
ауруға шалдығудың кенеттен күшеюі (инфекциялық ауруларды тарату кабілеті) сау емес ағзаның мутациясы болғанда пайда болады, санын реттеу механизмі жок экожүйеге жаңа ауру жасаушы ағзаны енгізгенде болады, сонымен экожүйе үшін өмір ортасы өзгереді;
Биоценозда түрлер бір-біріне соншалықты бейімделген, олардың бірлестігі іштей орнықты болады. Бірақ бүл бірынғай және өзара байланысқан жүйелік түтастық (К.Мабиус-Г.Ф.Морозов);
Ағза түрі қаншалықты оны қоршаған табиғи ортаның тербелістері мен өзгерістеріне оның генетикалық бейімделу мүмкіндіктері сәйкес келеді, соншалықты және соған дейін тіршілік ете алады;
Экологиялық куыс, табиғаттағы түрдін орны міндетті түрде толады. Мысалы: Сахалин аралының бамбук тоғайларында ұсақ жыртқыштар жоқ (бұл аңдар көптеген өзендердің алаптарында тіршілік етеді және суайр Іқтарына етпейді) және олардың экологиялық қуысын жыртқыштық дағдылары бар сұр егеуқұйрыктар толтырған.
Кейбір ғалымдар шамалауынша, экологиялык қуыстар толтырылуы міндеттілігінін мысалы облып жаңа аурулар пайда болуы қызмет етеді. Мысалы, ЖИТС (жұқтырылған иммунды тапшы синдром) ауру табылғанға дейін он жыл бұрын жоғарғы пайызды өмірге әкелетін гриптәріздік вирус ретінде болжамданған. Адамның коп инфекциялық ауруларын жеңу экологиялық қуыстарды босатты, олар толуы болмай қалмайтындығы болжамдауға негіз болды.
-Нақтылы табиғи жүйені пайдаланатын шаруашылық салалары бірге эксплуатация жасайтын экологиялық құрамды немесе барлык экологиялық жүйені түтасымен қаншалықты өзгертеді бір біріне соншалықты нұқсан келтіреді;
Табиғи жүйелерді эксплуатациялау барысында оларға әзін-өзі ұстап тұру қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін шектерден өтуге болмайды (өзін−өзі ұйымдастыру және өзін-әзі реттеу);
Табиғи үрдістерді "қатыгез" баскару тізбекті реакцияларымен кауіпті, олардың басым көпшілігі экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қабылдауға болмайтындар.