Тіршілік ету ортасының сапасын анықтау, алғашқы медициналық денсаулық сақтау саласында адам мен оның денсаулық жағдайын алдын алу, себеп-салдарын анықтау;
Қоршаған ортаның сапасын бағалау өлшемдері мен функцияларын, әртүрлі организм жүйелерінің көрсеткіштерін (параметрлерін) анықтау
Биогеохимиялық патологиялардың экологиялық жағдайына байланысты аурулардың алдын алу, емдеу,диагноз қою.
Жалпы айтқанда медициналық экологияның негізгі міндеті- дені сау адамның денсаулығын сақтау және нығайту;
Оңтайлы жағдайлар жасауға қолайлы факторларды (мысалы, оттегінің ауа ортасындағы құрамының жеткіліктігі, көгалдандыру, озонмен тазарту, иондану, инсоляция, қала және т.б.). қолданылуды күшейту үшін
Көптеген зиянды және қауіпті заттардың қоршаған орта факторларына қолданылуды шектеу
Қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерін төмендету, олардың денсаулық жағдайларының алдын алу маңызды рөл атқарады.
Алдын алу- бұл әр түрлі аурулардың немесе қатерлерді азайтуды болдырмауға бағытталған іс-шаралар кешені.
Мазмұны мен міндеттері бойынша аурулардың алдын алу біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп бөледі.