Атмосфералық ауаны ластаушы көздер табиғи (табиғи) және жасанды (aнтpoпoгeнді) болып бөлінеді(кесте 1).
Атмосфералық ауаның ластану деңгейі құрамындағы қоспалардың ШРЕК қоспалары концентрациясымен салыстыра отырып бағаланады ( мг/м3, мкг/м3).
ШРЕК – қоспалардың шекті рұқсат етілген кoнцeнтpaциясы
Атмосфералық ауаның ластануынекі үлкен топқа бөлуге болады: фoндық және aнтpoпoгeндік.
Кесте 1 – Атмосфералық ауаны ластаушы көздер (Пивoвapoв Ю.П., Кopoлик В.В., Зинeвич Л.C., 2002)
Фондық ластану –елді мекендерден, қалалардан және өнеркәсіп обьектілерінен алыс жерлердегі әртүрлі қоспалардың (газдар, шаңдар, химиялық заттар) шоғырлануы елді мекендерге арналған ШРЕК тен әлдеқайда аз (2-3 және одан жоғары) атмосфералық ауа сапасының күйі.
Бұл ластанулар негізінен табиғи үрдістердің нәтижесінде пайда болады.(теңіздерден, мұхиттардан, көлдерден шығатын буланулардан, вулкандардың атқылауынан, табиғатта болып тұратын циклондар мен антициклондардан, биогеохимиялық шет аймақтарынан, табиғи радиациялық фоннан).
Атмосфералық ауаның ластанулары мг/м3 көлемінде шоғырлануы (мкг/м3) есептеледі.
Неғұрлым таза аудандардағы атмосфераның фондық сапасын экологиялық-гигиеналық тұрғыда білу антропогендік әсерлерді анықтау мақсатында ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы ауаның сапасымен салыстыру үшін қажет. Әдетте фондық ластанулар деңгейін тұрақты түрде бақылауды үздіксіз жұмыс істейтін Мемлекеттік гидрометерология станциялары жүзеге асырады. Мысалы қоршаған ортаның сапасына фондық бақылаулар Қазақстандағы Бурабай станциясында, Орта Азияның, Тянь-Шанның биік таулы мұздықтарында жүргізіледі.
Алайда ірі өнеркәсіптік аймақтарда ауаға шығарылатын ластаушы заттардың аса алысқа таралуы, одан кейін фондық ластануларға әсер етуі мүмкін. Мысалы солтүстік жарты шар қоршаған ортасында қорғасын мөлшері Оңтүстікке қарағанда (өнеркәсібі аз дамыған) көп.
Антарктида мұздарында көне кезеңмен салыстырғанда қорғасын мөлшері 6 есе, Гренландия мұздарында 200 есе артқан.
Қазақстанда фондық ластанулар жерлерді бей-берекет игеруден және Арал теңізі суының азайып, құрғай бастауынан пайда болды. Осының барлығы өндірісі жоқ және адамдар мекендемейтін аудандарға да атмосфералық ластанулардың таралуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Сонымен адам қызметі салдщарынан болған фондық ластанулар тұрақты түрде қалыптаспауы мүмкін, бірақ ол қалалар мен өндірістік аумақтарға қарағанда біршама аз (бірнеше есеге дейін).
Медициналық экология немесе адам экологиясы тұрғысынан қарағанда, атмосфералық ауаның антропогендік ластануының мәні орасан зор.