Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Инфрақызыл сәулесінің биoлoгиялық әсері



бет30/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105
Инфрақызыл сәулесінің биoлoгиялық әсері
Күннің инфрақызыл сәулесінің тікелей әсері тіндердің беткі немесе терең қабаттарының қызыуына әкеледі. Қысқа толқынды (760-1500 нм) инфрақызыл сәулелері тіндерге терең (4-5 см дейін) енеді, ал толқын ұзындығы 1500-4000 нм дейін жететін сәулелер, терморецепторлары көп, терінің беткі қабатында сіңіріледі.
Аса ұзын толқындар терінің беткі қабатымен сіңіріледі, мұнда терморецепторлар, ИҚ сәулесі ұзақ уақыт және қарқынды әсер еткенде, айқындылығы әр түрлі дәрежедегі ағзаның қатты қызуы байқалуы мүмкін, ал өте ауыр жағдайларда ыстық өтуі немесе күн өтуі пайда болады. Қысқа толқындар адам ұлпалары арқылы 5 cм тереңдікке және ми қабатына да өту мүмкін.
ИҚ сәулесі әсер еткенде, тіндердің қызуы, фотохимиялық реакцияларда түзілген белсенді қосылыстардың әсері, сонымен қатар, терінің жүйке рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде қан айналым күшейеді, бұлшықет пен тамырлардың тонусы төмендейді, вегетативті реакциялар қалпына келеді, осыған байланысты ауруды басатын және қабынуға қарсы әсері білінеді. ИҚ сәулесінің бұл қасиеттерін физиотерапия практикасында кеңінен пайдаланады, бұл жерде оның жасанды көздері - соллюкс пен Минин шамдары қолданылады.
Инфрақызыл сәулелердің жағымсыз әсерлері ағза қызуы көтерілгенде, жылу мен күн өту, жүрек қантамыр жүйесі қызметінің өзгерістері, (тaхикapдия, cиcтoлитикалық қысымның артуы, cнижeния диacтoлитикалық қысымның төмендеуі және т.б.).
Көрінетін сәулелердің биoлoгиялық әсерлері
Көрінетін сәулелер терең жылыту, сонымен қатар әлсіз фотохимиялық, көз торы мен көру пигменттеріне фотосенсибилизация арқылы әсері бар..
Көрінет жарық әсерлері:

  • Жарық пен түсті сезіну;

  • Бас миының қозу үрдістері белсенді жүреді;

  • Барлық анализаторлар қызметін жақсартады;

  • Сергек кезде эмоционалды бағытта жағымды әсер етеді;

  • Биохимиялық үрдістерді, иммунобиологиялық реактивтілікті арттырады;

  • Зат алмасу белсенді жүреді;

  • Денсаулық жағдайы мен өмірлік тонусты арттырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет