Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет28/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Aтмocфepалық қысым.
Aтмocфepалық қысым жер бетінде әр түрлі таралған және ол ауыспалы. C биіктікке шыққан сайын қысым жоғарылайды, ал жер астына қарай төмендейді.
Бapoмeтpлік қысым желдің күші мен бағытына, температура өзгерісі мен атмосфералық жауын− шашын мөлшері мен жиілігіне әсер етеді.
Атмосфералық қысымның ауытқуы жер бетінде денсаулыққа айтарлықтай емес және жеңіл қабылданады, өйткені газдар сұйықтықта еріген және ағзалар ұлпасында да сондай қысымда болады. Сонымен қатар күрт ауытқулар ағзадағы жағымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін. (Cтoжapoв A.Н., 2007).
Ауа райына байланысты атмосфералық қысым өзгерген жағдайда ағзаның ішкі тепе−теңдігі үшін және ондағы еріген газдардың артуы мен кемуіне біршама уақыт қажет. Бас сүйек қуыстарында мидағы қанайналым жүруіне ауытқып отыратын қысым әсер етеді.
Сыртқы қысым мен адамның жабық ағза қуыстарындағы қысым арасындағы әртүрлілікке байланысты адам денсаулық жағдайына дискомпфортты түрде мм pт. cт. ағзаның жалпы қысымына ондаған килограмм есебінде көрініс алуы мүмкін.
Мұндай қысым ауытқуларына созылмалы жүрек қантамыр мүшелері аурулары, жүйке жүйесі, сүйек бұлшыет аппараты аурулары бар адамдар сезімтал келеді. (Ивaнoв В.П. және т.б., 2002).
Атмосфералық ауа қысымының төмендеуі симпатикалық жүйке жүйесі мен жұмыс істеу қабілетін төмендетеді, көңіл күйді түсіреді, инфекциялық ауруларға қарсы тұру төмендейді. Сонымен қатар қысымның артуы парасимпатикалық жүйке жүйесін қоздырады. (Aлeкceeв C.В. және т.б.).
Осы өзгерістерден бөлек барометрлік қысым адамға іртүрлі қызметтер үрдісінде: жоғары биіктікке шығу, суда жүзу, кессонды жұмыстарда әсер етеді. Сол себепті дәрігерлер атмосфералық қысымның артуы мен төмендеуі ағзаға қлай әсер ететіндігін білу керек.
Төменгі барометрлік қысым cимптoмoкoмплeкc дамуы , яғни биіктік ауруы әкеледі. Ол 2500-3000 м биіктік және одан да жоғарыда пайда болады. Тыныс алатын ауадағы оттегінің парциалды қысымы төмендегенде оттегі жетіспеушілігіне әкеледі. Бас ауруы, демікпе, ұйқы басу, құлақтағы шу, бас шекедегі түтікшелер пульсі, қозғалыс координациясының бұзылуы, тері сұрлануы және т.б байқалады.
Биіктіктің 5 қабылдау аймағы бар:

  1. Қауіпсіз ( 1,5-2,0 км дейін).

  2. Толық компенсация аймағы (2-4 км), мұнда ағзада кейбір функционалды ауытқулар болады, олар ағзаның резервті күшінің жылдамдылығына қарай қалыпқа келеді.

  3. Жартылай компенсация аймағы (4-5 км).

  4. Қауіпті аймақ (6-8 км), мұнда бұзылыстар артады, жаттығуы аса төмен адамдарда өлімге әкелуі мүмкін.

  5. Өлім аймағы (8 км жоғары), мұнда адам 3 мин дейін өмір сүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет