Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж


Адам өміріндегі судың маңызы



бет50/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

4.6. Адам өміріндегі судың маңызы

Су ағзаның маңызды құрамдық бөлімі. Тірі ағзаларда барлық химиялық реакциялар сулық ортада ғана өтеді. Тұз алмасу су алмасуымен тығыз байланысты. Ағзаларда тұздар тасымалдануын су алмасуынан бөлек қарау мүмкін емес, өйткені минералдық қосылыстар ағзаларда су ерітінділерінде болады.


Су индифферентті еріткіш емес, ол зат алмасу реакцияларының белсенді қатысушысы. Ол гидролиз, гицратация, коллоидтар ісінуі реакцияларына катысады. Дене температурасын тұрғылықты ұстап тұруда су маңызды роль атқарады. Буланумен ол дененің артық жылуын шығарады, ағзаларды қыздырып жіберуден сактайды.
Ересек адамда су мөлшері оның дене салмағының 2/3 (58-67%) құрайды, жас ұлғаюымен аздап азаяды. Жаңа туған сәбилердің ұлпалары көбірек су мөлшерімен айрықшаланады, оларда су үлесіне дене салмағының 66=74% келеді. 4-айлык эмбриондар ағзасында су мөлшері 92% құрайды.
Адам ағзасының кейбір ұлпалары (бауыр, ми, тері) өз салмағының 70% cy құрайды, басқалары (бұлшық ет, жүрек) одан артығырақ 76=80% құрайды. Қан 83% су ұстайды,басқа биологиялық сүйықтықтар (зәр, сілекей, тер) 95-99% жақын, лимфа 90%, асқазан шырыны 99,5% судан тұрады. Адам ағзасы суды экзогендік және эндогендік түрде қабылдайды. Экзогендік деп ағза сусын және тағамдық өнімдер құрамындағы су түріңде алатын суды айтамыз. Эндогендік су бұл организмде белоктардың, майлардың, көмірсулардың кышқылды ыдырауында пайда болатын су.
Cy алмасуды реттеуде ішкі секреция бездері маңызды рөл атқарады, олардын ішінде гипофизге бастаушы рөл тиеді. Гипофиздің артқы бөлігінде гормон вазопрессин шығарылады, ол судың ағзада тоқталуына ықпал жасайды. Осы гормон жоктығында ағза су ұстау қабілетінен айрылады. Бұл құбылыс, ұйқы безі ауыруында байкалатын қанттық зәр қалжырауынан айрыкша, қантсыз зор қалжырау деп аталады.
Адам ағзасының суды қабылдауы шөлдеу сезіміміен реттелетіні белгілі.
Кейбір иондар су тоқталуына ыкпал жасаса, басқалары, керісінше зәр шығаруға ықпал жасайды. Мысалы, натрий тұзы үлпаларда су токтауына келтіреді. Өте тұздалган тағамды көп мөлшерде ішкенде (мысалы, тұздалган балық), натрий тұзы судын зәрмен бүйректің шығаруын қиындатады, сондықтан ағзада су жиналады. Калий және кальций суда, және осы тұздар бар тағамдық өнімдер (картофель, бобтар), керісінше, ағзадан судың шығарылуына ықпал жасайды. Сондықтан, тұзды тағамдармен катар калий жөне кальций тұздары бар өнімдерді тамаққа пайдалану қажет.
Ағзаға осы немесе басқа минерал заттар жеткіліксіз түсуі немесе су тұз зат алмасуы реттелу үрдістері бұзылуы ауыр ауруға эндемиялық жемсауға шалдықтырады. Қан аздықтың кейбір түрлері адам ағзасына тағаммен мыс тұздарының аз түсуіне байланысты.
Тұрғындардың шаруашылық ауыз су мүқтаждықтарына жалпы су жұмсаудың 10% келеді. Адамның ауыз суға физиологиялық қажеттілігі қоршаған орта жағдайларына, бұлшық ет жүмысына тәуелді.
Ересек адамның ауыз суға тәуліктік қажеттілігі орташа 3 л құрайды. ТМД елдерінің орталық алқаптары үшін тамақпен түсетін және ішуге сұйықтық мөлшері тәулігіне 2 литр құрайды. Аналогиялық нормативті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да ұсынады тәулігіне 2 л құрайды. Ауаның жоғары температурасында суға қажеттілік тәулігіне 3,5 литрге дейін жетеді. Ыстық климат жағдайларында тәуліктік суға қажеттілік 5 л дейін, ал Орта Азия жағдайларында 30-4000С температурада және төмен ылғалдылықта ашық ауада жұмыс істейтіндер үшін тәулігіне 6,0-6,5 л дейін барады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет