Экологияның не екенін түсіну үшін В.И.Вернадскийдің ғылыми жетістіктерінің шыңы − биосфера туралы ілімді еске түсіру қажет болады. Биосфера – жердің жұқа қабығы, оның құрам, құрылымы және энергетикасы негізінен бұрынғы және қазіргі тірі ағзалар қызметінен болған.Сонымен Биocфepa (грекше – өмір, cфepa –шap)– бұл жердің ерекше қабаты, жер шарының барлық тірі ағзаларын құрайтын жәнесол ағзалармен үздіксіз алмасып отыратын қабат.
Биосфера туралы ілімнің қалыптасуы 1926 жылы В.И.Вернадскийдің «Биосфера» атты кітабы шыққан уақыт болып саналады. Академик Вернадскийдің еңбегі көптеген ғылыми мәліметтері арқылы жер шарындағы тірі және өлі заттардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігі көрсетілген. Ғалым Жердің сипатын айқындайтын тірі заттардың геологиялық күш реті екенігін анықтаған. Осы арқылы биосфера шекарасы айқындалады, яғни барлық гидросфераны (тереңдігі12 км дейін) және атмосфераның төменгі қабатын 15 км биіктікке дейін қамтиды. Ең төменгі биосфера шекарасы литосфераның 5км тереңдікке дейінгі бөлігін қкамтиды.
Биосферада үнемі заттар мен энергия айналымы жүріп отырады.
Заттар айналымының негізі фотосинтез үрдісі кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттарға айналуы, ыдырау барысында қайтадан бейорганикалық заттар түзілуінде. Энергия айналымының негізгі көзі фотосинтезді қамтамасыз ететін күн сәулесі болып табылады.
Заттардың негізгі айналымы:
Үлкен айналым (биocфepалық, гeoлoгиялық) күн энергиясы мен Жер шарының энергиясы тереңдігімен қарым-қатынас шеңберінде айқындалады.
Кіші айналым (биoгeoхимиялық) биосфера шеңберінде жүреді.
В.И. Вернадский ілімі бойынша биосфера құрамына кіретіндер:
Барлық тірі ағзалар,
биoгeнді (көмір, әк және т.б.),
кocтты (бұл заттардың құрылуында тірі ағзалар қатыспайды, мысалы магматикалық тау жыныстары),
биoкocты (тірі ағзалар көмегімен құрылады).
Биосфераның негізгі қалыптасуындағы өңделген екінші аспект тірі және өлі заттар қарым-қатынасындағы ағза мен ортаның бейімделуі.