9.3. Қоршаған орта факторлары әсеріне ағзаның биологиялық жауап деңгейлері
Химиялық заттар әсеріне ағзаның реакциясы үш көрсеткішке байланысты:
- заттардың биoлoгиялық белсенділігі;
- әср ету дoзасы;
- ағза немесе экспозицияның қарсы тұруы.
Заттардың биологиялық белсенділігі және оның кoнцeнтpaциясы (дoзa) жоғары болғанда, сәйкесінше ағзаның қарсы тұруы төмен болса патологиялық жауап күштірек байқалады.
Биологиялық жауап реакциясының келесі түрлері бар: өлім−жітім, аурушаңдық, аурудың физиологиялық белгілері, табиғаты белгісіз ағзадағы ауытқулар, ағзадағы заттардың жинақталуы.
Сонымен қатар келесі заңдылықтарды айтуға болады:
1. Биологиялық жауаптың ең көп күшіне (көлемі) есептердің ең жоғары жиілігіне сәйкес келеді, яғни ол қолайсыз жағдайға бейім тұрғындардың аса аз маңызды бөлігін қамтиды.
2. Биологиялық жауаптың аса аз күшіне (ағзадағы заттардың жинақталуы) жауаптығ аса жиілігіне сәйкес келеді, яғни барлық тұрғындарды қамтиды.
3. Ағзаның қарсы тұруы өзгеріп отырады да, ол генетикалық код пен функционалды жағдайына байланысты қолайсыз фактор әсеріне байланысты. Бірдей жағдайда бір адам ауыратын болса, келесі адам ауырмауы мүмкін. Аса сезімтал контигент балалар мен қартта болып табылады.
Сурет 3 – Қоршаған орта факторларына ағзаның биологиялық жауап түрлері
Барлық тұрғындар әсерді бірдей қабылдамайды: әсер етпейтін және аса сезімтал топтар бар. Балалар мен егде адамдардың қоршаған ортаның факторлары әсеріне жоғары сезімталдығы байқалатыны белгілі.
Биологиялық жауап деңгейлері қоршаған орта ластануларының зияндылықтары критерийін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Гигиeниcтердің преморбидті жағдайға үлкен мән береді, (клиничecких көріністер байқалғанға дейін) бұл қоршаған ортаның қолайсыз жағдайын сипаттайтын көрініс болып табылады.
Осылайша қоршаған ортаның арнайы емес созылмалы сипатын аз қарқынды сипаттайтын кең спектрлі биологиялық жауаптың тұрғындар денсаулығы, зерттеу бағдарламасында белгілі бір орны болады. Бұл қоршаған ортаның арнайы емес созылмалы сипатын аз қарқынды сипаттайтын бақылау және тәжірибе топтары денсаулығы көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүргізеді. Соңғысын таңдау басқа факторлар бойынша теңестіру (қоршаған ортаның ластануынан бөлек),тұрғындар денсаулығына айтарлықтай әскр етіп, бұл зерттеулердің жауапты және қиын міндеттерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |