Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі c. Ж



бет89/105
Дата01.02.2023
өлшемі2,3 Mb.
#64297
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   105
Байланысты:
Электронды оқулык Медициналық экология

Физикалық даму
Физикалық даму түрғындар денсаулығының деңгейін анықтайтын маңызды белгілердің бірі болып саналады. Алайда дене құрылысының жетілу көрсеткіштері ресми статистикалық талдау үшін міндетті көрсеткіштер қатарына жатпайды және барлық есеп берулерге кірмейді, сондықтан бүкіл республика бойынша тұрғындардың жеке топтарының физикалық дамуы мен динамикасын барлық жерде және тұрғылықтыбақылауға мүмкіндік туа бермейді.
Физикалық даму деп массаны, дене тығыздығын, дене формасын, оның күш қуатының өлшемін білдіретін ағзаның мофологиялық және функционалдық қасиеттерінің кешенін айтамыз.
Физикалық даму деңгейіне әлеуметтік биологиялық, медициналық әлеуметтік, ұйымдастырушылық, табиғи климаттық фактор кешендері әсер етеді. Әртүрлі экономикалық географиялық аймақтардағы әртүрлі ұлт өкілдерінің физикалық даму айырмашылығы болады. Ұзақ уақыт әрекет ететін қолайсыз факторлардың әсерінен физикалық даму деңгейі төмендейді және жағдайлардың жақсаруы, өмір салтының қалпына келуі физикалық даму деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.
Физикалық дамудың негізгі белгілері:

  1. Aнтpoпoмeтpиялық, ол адам денесі қаңқасы көлемдерін өлшеуге негізделген. Aнтpoпoмeтpиялық өлшем – денені тұтасымен және оның бөліктерін баяндап жазуға негізделген. Антропометриялық белгілерге жататындар: май қабаттарының бұлшық еттерінің жетілуі, кеуде торының, арқаның, іштің, аяқтың түрлері, пигментациялар, жүн басып кетуі, екінші жыныстық белгілер.

  2. Физиoмeтpиялық белгілер, олар ағзаның физиологиялық куйін, функционалдық мүмкіндігін айқындайтын белгілер

Физикалық даму тұрғындар денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Ол өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын бағалауда жиі қолданылады. Ол қоршаған орта ластануларының денсаулыққа әсерін өздігінен сипаттай алады және аурушаңдықпен, физиологиялық және психологиялық даму өлшемдерімен тіркесте қолданыла алады.
Физикалық даму ересек адамдарда қоғам қалыптасуындағы әртүрлі кезеңде ұрпақтар сипаттамасын зерттеуге болады. (мысалы, соғысқа дейін, соғыс жылдары, соғыстан кейінгі жылдар).
Физикалық даму деректерін «Даму тарихы» және «Науқастың амбулаториялық жеке картасы» құжаттарынан алуға болады. Терең зерттеу мақсатында бірмезеттік медициналық қаралуларда антропометриялық деректерді (бойы, салмағы, кеуде торының өлшемі) алумен жүргізуге болады. Oалайда ақпаратқа ең көп стандарттар кестелері бойынша физикалық даму жеке бағалау болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет