2. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
4. Білім беру ұйымдарының білім алушыларына және тәрбиеленушілеріне медициналық көмек көрсету медициналық пункттерде жүзеге асырылады.
5. Білім алушыларға медициналық пункттерде медициналық қызмет түрлерін көрсету және медициналық көмек беру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдае әрі – ТМККК) шеңберінде жүзеге асырылады.
6. Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) бұйрығына сәйкес медициналық техникамен, медициналық мақсатта пайдаланылатын бұйымдармен, санитариылық, жұмсақ және қатты мүккәмалмен жабдықталады.
7. МСАК ұйымын қосқанда, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы медициналық пункттегі медициналық қызметті мына қызмет түрлерін көрсетуге берілетін лицензияға қосымшаның негізінде іске асырады: мектепке дейінгі және интернатты ұйымдарды қоспағанда балаларға мынадай мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық көмек беру: медициналық-санитариялық алғашқы көмек (дәрігерге дейінгі және/немесе білікті көмек беру), білікті көмек көрсету (жалпы дәрігерлік тәжірибе немесе педиатрия), сондай-ақ медициналық көмек беруге арналған емдік құралдармен қамтамасыз етеді.
8. Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге медициналық көмек көрсету пунктті күтіп-ұстау, үй-жайларды тазалау, ағымдағы және толық жөндеу жүргізу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жалпы білім беретін ұйымның есебінен жүргізілетін медициналық пунктте іске асырылады.
9. Білім беру ұйымдарының білім алушыларын, тәрбиеленушілерін жоспарлы түрде диспансеризациялауды, емдеуді және (немесе) ауруы бойынша оңалтуды олар тіркелген МСАК ұйымдарының жалпы тәжірибе дәрігерлері, учаскелік педиатрлары, бейінді мамандары, фельдшерлері және мейірбикелері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
10. Медициналық пункттердің медициналық қызметкерлері білім алушылардың және тәрбиеленушілердің денсаулықтарын сақтау және нығайту, олардың арасында сырқаттанушылықты азайту, профилактикалық екпе жасауды, профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру және тіркелген МСАК ұйымы бойынша уақытында диспансеризациялауды бақылау бойынша шараларды жыл сайын жоспарлайды.
11. Интернатты типтегі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері балалардың денсаулықтарын сақтауды және нығайтуды, профилактикалық іс-шараларды жүргізуді, оның ішінде профилактикалық екпе жасауды ұйымдастыруды, интернатты ұйымдардың санитарлық-гигиеналық жағдайын, балалардың тәулік бойы болуларын ескере отырып тамақтануды және жұмыс режимін бақылауды қамтамасыз етеді.
12. Жалпы білім беретін ұйымдардың білім алушыларын профилактикалық тексеруді оларға бару арқылы және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының базасында МСАК ұйымдарының мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығымен бекітілген «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) сәйкес жүргізеді.
13. Білім беру ұйымы білім алушылардан және тәрбиеленушілерден, олардың ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) профилактикалық тексеру жүргізу, вакцинациялау кезінде немесе жоспарлы түрде басқа да медициналық қызмет түрлерін көрсеткен кезде медициналық шара қолдануға Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес хабардар ете отырып, келісімдерін алуға немесе олардың бас тартуларын білуге көмек көрсетеді.
14. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері білім алушылардың және тәрбиеленушілердің тиісті контингентін жоспарлы түрде, маусымдық немесе эпидемиялық көрсетімдер бойынша вакцинациялауды екпе алғандарды одан әрі бақылау арқылы «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына сәйкес қамтамасыз етеді.
15. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері білім алушыларға, тәрбиеленушілерге,педагогтық құрамға және техникалық персоналға жіті аурулар кезінде және созылмалы аурулардың асқынған жағдайда, жарақаттар алған кезде шұғыл медициналық көмек көрсетеді (дәрігерге дейінгі жедел көмек, аумақтық емханаға жолдама беру, «шұғыл» көмек бригадасын шақыру).
16. Білім беру ұйымдарының білім алушыларына және тәрбиеленушілеріне шұғыл көрсетімдер берілгенде немесе олардың өмірлеріне қауіп төнген жағдайда медицина қызметкері медициналық көмекті олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімінсіз балаға көрсетілген медициналық көмек туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) міндетті түрде хабардар ету арқылы Кодекстің 94-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетеді.
17. Медициналық пункт электродтарға орнатылған жүрекке тура жасалмайтын массаж датчигі бар автоматты дефибриллятормен жабдықталуы тиіс, ал білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білуі және жүрек кенеттен тоқтап қалған жағдайда аспапты қолдана алуы қажет.
18. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері психикалық және эмоционалдық саламаттыққа ұмтылдыратын дағдыларға үйретуге үлес қосады, қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторларын (темекі тартуды, нашақарлықты, токсикоманияны, алкоголизмді) азайтуға және білім беру ұйымдарының білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің суицид бойынша қауіп-қатер топтарын білім беру ұйымдарының психологтарымен және әлеуметтік педагогтарымен бірлесіп анықтауға қатысады.
19. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға және білім алу үшін қауіпсіз жағдай жасауға, дұрыс және қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз етуге, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуына қатысады.
20. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, оның ішінде Жастар денсаулық орталықтарының мамандарымен бірге педагогтық кеңестерде, сынып сағаттарында жалпы және ата-аналар жиналыстарында ата-аналардың, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, тәрбиешілердің және педагогтардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау саласында сауаттылықты және ақпараттандыруды арттыру бойынша іс-шараларды жыл сайын жоспарлайды және жүргізеді.
21. Жалпы білім беретін ұйымда медициналық қызмет көрсетуді бақылау аумақтық емхананың бас дәрігерінің орынбасарына жүктеледі.
22. Медициналық пунктке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) бұйрығына сәйкес реттеледі.
23. Жалпы білім беретін ұйымдардағы медициналық пункт білім алушыларының саны 50-ге дейін жететін аз толықтырылған мектептерден басқа, бір ұйымға біреуден келетін есеппен ашылады.
24. Жалпы білім беретін ұйымда медициналық пункт болмаған жағдайда білім алушыларға медициналық қызмет түрлері денсаулық сақтауды мемлекетітк басқарудың жергілікті органдарының шешімімен белгіленген алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 8732 болып тіркелген) өзгертулер енгізу туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 286 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
25. Медициналық пункт үй-жайларының құрамына медицина қызметкерінің кабинеті, ем-шара кабинеті және оқшаулағыш кіреді.
26. Ауылдық жерлерде орналасқан ұйымдардағы медициналық пункт үй-жайларының жинағы болмаған жағдайда медициналық пункттер үшін ауданы 12 шаршы метрден кем болмайтын бөлмелер жабдықталады.
27. Білім алушылар қысқа мерзімге болатын жалпы білім беретін ұйымда, сондай-ақ мектептен тыс ұйымдарда медициналық кабинет қарастырылмайды.
28. Жалпы білім беретін ұйымдардағы медициналық пунктті жабдықтауға арналған медициналық жабдықтың және аспаптардың ең аз тізбесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді [9]. Медициналық кабинеттерді қажетті жабдықпен, дәрі-дәрмектермен және құрал-сайманмен жабдықтау жауапкершілігі МСАК жүктеледі. Техникалық жабдықтау жауапкершілігі жалпы білім беретін ұйымның басшысына (директорына) жүктеледі.
29. Медикаменттер осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті медикаменттер Тізбесі бойынша қолданылады [13]. Шұғыл көмек беруге арналған бикстің құрамын МСАК басшылығы бекітеді.
30. Жалпы білім беретін ұйымның жұмыскерлеріне және тағам әзірлейтін блоктың персоналына олардың жеке медициналық кітапшаларында тиісті белгі болған кезде ғана жұмысқа рұқсат беріледі.
31. Жалпы білім беретін ұйымдардың медициналық пункттерінің типтік штаттары және штат нормативтері «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына сәйкес белгіленеді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 сәуірде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелді).
32. МСАК ұйымының басшысы жалпы білім беретін ұйымның медициналық пунктінің уақытша болмаған негізгі қызметкерін басқа медицина қызметкерімен ауыстыруды қамтамасыз етеді.
33. Жалпы білім беретін ұйымдарда медициналық қызметті мамандығы бойынша сертификаты болатын медицина қызметкерлері көрсетеді.
34. Медициналық қалдықтар Емдеу-профилактикалық объектілер қалдықтарының барлық түрлерін жинау, сақтау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және жою қағидаларына сәйкес жойылады.
35. Ем-шара кабинетінде профилактикалық екпелер жасау жүргізіледі. Медициналық ем-шараларды және профилактикалық екпелер жасауды бірге жүргізуге болмайды.
36. Қызмет көрсету аумағында білім алушыларының (жас ерекшелігі бойынша, жылы бойынша, сынып бойынша) саны бар жалпы білім беретін барлық ұйымдардың орналасуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |