Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шжқ рмк



бет4/12
Дата07.01.2022
өлшемі178,22 Kb.
#18471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
жеке медициналық кітапша – жұмысқа рұқсат беру туралы белгісі бар, міндетті медициналық тексерулердің нәтижелері жазылатын, халықтың декреттелген топтарының өкіліне берілетін жеке құжат;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – тәулік бойғы медициналық кадағалаусыз, адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызмет түрлерінен тұратын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;

тәрбиеленушілер – мектепке дейінгі, интернатты ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;

білім беру ұйымындағы медицина пункті (бұдан әрі – медицина пункті) – білім беру ұйымдарының оқушыларына және тәрбиеленушілеріне дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуге арналған жеке кабинеттер;

білім беру ұйымы – білім беру саласындағы қызметті іске асыратын заңды тұлға;

денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті іске асыратын заңды тұлға;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін бірыңғай медициналық қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін медициналық көмектің көлемі;

білім алушылар – жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары;

халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексерулер – ауруларды ерте сатыларында анықтауға және аурулардың дамуының, аурулар тудыратын қауіп-қатер факторларының профилактикасына, халық денсаулығын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған скринингтік тексерулер;

аз толықтырылған мектеп – білім алушыларының контингені аз, сыныптары аралас және сабақтар ерекше түрде ұйымдастырылатын, жалпы білім беретін мектеп.



Кіріспе

Денсаулық және білім беру өзара тығыз байланысты. Жақсы білім денсаулықтың нығаюына көмектеседі, ал мықты денсаулық қажетті білім алудың алғышарты болып табылады. Бала өмірінің мектептегі кезеңі балалардың дамуының критикалық кезеңінде өтеді және өзін-өзі құрметтеуге, өзіндік сана-сезіміне және денсаулыққа деген көзқарасқа, келешектегі денсаулығы мен өмірге қанағаттанушылығына әсер етеді.

Мектеп өміріне позитивті көзқараспен қарау денсаулық пен саламаттылықты қамтамасыз ету ресурсы болып табылады, оған теріс көзқарас болған кезде оқушылардың дене және психикалық денсаулығына әсер ететін қауіп факторы болып табылады.

Мектеп өмірді көңілді қабылдауға әсер ететін дамудың позитивті тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы бала денсаулығы мен саламаттылығына оң әсер етуі мүмкін. Бұл нашар әлеуметтік жағдайдағы балалар үшін өте маңызды болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту бойынша тиімді шаралар әзірлеудің қазіргі жалпы білім беретін мектептер үшін маңызы зор. Білім беру мен денсаулық арасында үйлесімді байланысты орнату оқу процесінің нәтижелігін жоғарылату жағына сапалы өзгеріс, яғни проблемаға кешенді түрде қарауды және білім беруге тікелей әсерін қамтамасыз етеді. Мектепте бала барлық ағза жүйелері, психикасы қалыптасатын өсу және даму кезінде болады. Денсаулық жағдайына сабақ жүктемесінің жоғарылауы, күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, қоршаған ортаның ластануы және т.б. әсер етеді.

Қазақстанда 0 -ден 17 жас аралығындағы 3 млн. бала бар, олардың ішінде оқушылар 20%-ға дейінгіні құрайды, олар 7036 жалпы білім беретін ұйымдарда білім алады. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету негізінен жаппай профилактикалық тексеруден, балаларды вакцинациялаудан тұрады. Медициналық қызмет көрсету пайда болған «мектеп ауруларын» анықтауға бағытталып, олардың профилактикасына және уақтылы алдын алуға аз бағдарланған.

Ішімдік ішуді, темекі тартуды және есірткі заттарын қолдануды қосқандағы қауіп-қатер факторларымен байланысты мінез-құлық түрлері, дене белсенділігінің аз болуы, сондай-ақ артық салмақ пен семіздік балалар мен жасөспірімдер арасындағы ең маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Олардың ұзақ мерзімді теріс әсерлері болады және өмірдің кейінгі кезеңдерінде жұқпалы емес аурулардың (бұдан әрі - ЖЕА) пайда болу қауіп-қатерін арттырады. Сондықтан, ЖЕА-ның профилактикасы мектепте маңызды рөл атқаруы тиіс.

Мектеп медицинасы барлық жалпы білім беретін ұйымдардағы жас жеткіншектерді денсаулықты нығайту, сондай-ақ олардың денсаулық жағдайын, өсуін және дамуын бақылау арқылы аурулардың алдын алу қызметтерімен қамтамасыз етеді. Олар білім алуға теріс әсер ететін медициналық проблемаларды шешу және мектепте саламатты ортаны қалыптастыру арқылы арқылы оқушылардың сабаққа қатысуларын, зейін қоюларын және оқудағы жетістіктерін жақсартуға көмектеседі.

Мектеп медицинасының мақсаты оқушылардың салауатты өмір салтына үйрену, дене саулығына, рухани және әлеуметтік саламаттылыққа жетуге үйрету мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, ата-аналармен, жалпы білім беретін ұйымдардың мұғалімдері және медицина қызметкерлерімен бірлесіп оқушылардың дамуына септігін тигізу болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет