Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шжқ рмк



бет5/12
Дата07.01.2022
өлшемі178,22 Kb.
#18471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында мектептегі медициналық қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі инструктивтік нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 271 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық денсаулықты басқарудың 2018-2021 жылдарға арналған жөніндегі шаралар жоспарының 1-тармағының 1.1- тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Осы Нұсқаулық жалпы білім беретін ұйымдарда білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Осы Нұсқаулық мектептерде денсаулықты нығайтуға деген жалпы тәсілдерді Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау жөніндегі Еуропалық стратегияға сүйене отырып қолдануға шақырады.1 Құрал білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелілікті, практикалық іс-қимылдарды және кеңінен қатысуды көздейтін тәсілдермен нәтижелерге жетуге бағытталған. Тәсілдер денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептерде, зерттеулер кезінде және практикада алынған нәтижелерге сүйенеді. Денсаулықты сақтауға және нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер білім алушыларға жалпы және арнайы білім алуға, ақпаратты түсіну, талдау және саралау, жергілікті және ғаламдық масштабтағы проблемаларды шешу жолдарын табуды үйрену машықтарын игеруге көмектеседі.

Мектептегі жалпы тәсілдерді мынадай алты компонентке бөлуге болады:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет