Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шжқ рмк


Білім беру ұйымдарында стоматологиялық аурулардың



бет9/12
Дата07.01.2022
өлшемі178,22 Kb.
#18471
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
бала

5. Білім беру ұйымдарында стоматологиялық аурулардың

профилактикасын жүргізуді ұйымдастыру
72. Білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау саласында стоматологиялық аурулары бар білім алушыларға және тәрбиеленушілерге профилактикалық, консультативтік және емдік-диагностикалық көмек көрсетуді іске асыру мақсатында, МҰ-ның (стоматологиялық емхананың, орналасу амағы бойынша емхананың) құрылымдық бөлімшесі болып табылатын стоматологиялық кабинет (бұдан әрі – Кабинет) құрылады.

73. Кабинеттің дәрігері лауазымына «стоматология (ересектерге және балаларға арналған)» мамандығы бойынша № 791 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес келетін маман тағайындалады.

74. Кабинеттің маманы лауазымына тіс гигиенисті және (немесе) медицина қызметкері лауазымына орта медициналық білімі бар, «Стоматология» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өткен және «Стоматологиялық гигиенист» сертификатын алған маман тағайындалады.

75. Стоматологиялық аурулардың профилактика кабинеті білім алушыларының саны 800 адамнан кем болмайтын білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады.

76. Стоматологиялық аурулардың профилактика кабинетінде дәрігерге дейінгі стоматологиялық көмек көрсетуді орта медициналық білімі бар, «Стоматология» мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өткен және «Стоматологиялық гигиенист» сертификатын алған тіс гигиенисті және (немесе) медицина қызметкері жүргізеді.

77. Стоматологиялық аурулардың профилактика кабинетінің медицина қызметкерінің негізгі функциялары мынадай:



  • стоматологиялық аурулардың пайда болу қауіп-қатер факторларын ерте анықтау;

  • пациенттерді тіс-жақ және бет аномалияларын және деформацияларын анықтау мақсатында тексеру;

  • пациенттерді ауыз қуысы гигиенасына үйрету;

  • жеке профилактика құралдарын таңдау;

  • тісті гельдермен, лактармен, суспензиялармен фторлау (оның ішінде терең фторлау) және минералдандыру;

  • фиссураларды герметизациялау;

  • ауыз қуысы және тіс-жақ жүйесі патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерді балалар дәрігер-стоматологына жіберу;

  • стоматологиялық денсаулық мәселелері бойынша пациенттер, балалар және олардың ата-аналары арасындағы санитариялық-ағарту жұмысы.

  • Білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинетті жарақтандыру білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинетті ең төмен жарақтандырудың ұсынылатын тізбесіне байланысты осы Нұсқаулыққа 13 -қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады [15].

78. Кабинет мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • балаларға профилактикалық, консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсету;

  • медициналық көрсеткіштер болған жағдайда аралас мамандықтар дәрігерлерімен кеңес өткізу үшін балаларды медициналық ұйымдарға жіберу;

  • медициналық айғақтар болған жағдайда – стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету үшін балаларды жіберу;

  • медициналық айғақтар болған жағдайда – тіс-жақ-бет ауытқулары және деформациясы бар балаларды ортодонт дәрігеріне профилактикаға және ортодонтикалық емдеуге жіберу;

  • тістері бұзылған балаларды протездеуге ортодонт дәрігеріне, ал ол болмаған жағдайда – жалпы практика стоматолог дәрігеріне жіберу;

  • балалардағы сырқаттанушылық пен мүгедектіктің негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізуге қатысу;

  • балалардың стоматологиялық ауруларының профилактика, диагностикалау және емдеудің заманауи әдістерін практикаға енгізу;

  • балалардағы стоматологиялық аурулардың профилактика, ерте диагностикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша балалар, ата-аналар және (немесе) олардың заңды өкілдері арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

  • есепке алу және есептілік құжаттамаларын жүргізу және Кабинет қызметі туралы есеп беру.

79. Стоматолог кабинетін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудің ең аз тізбесімен қамтамасыз ету осы Нұсқаулыққа 14 -қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады [15].

80. Кабинет өз қызметін қамтамасыз ету үшін құрамында ол ұйымдастырылған медициналық ұйымның барлық емдеу-диагностикалық және қосалқы бөлімшелерінің мүмкіндіктерін пайдаланады.


6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және профилактикасы


81. Білім алушылардың жүйелі түрде медициналық тексеруден өтуі бақылануы тиіс. Егер білім алушы тексеруден бас тартса, оның ата-анасына хабарлау керек.

82. Салауатты өмір салтын сақтауға көмектесетін мынадай дағдылар үйретілу керек:



  1. дұрыс және теңестірілген тамақтану;

  2. психикалық белсенді заттарға, темекіге, алкогольді ішімдікке сын көзбен қарау;

  3. дене белсенділігі;

  4. білім алушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру;

  5. дұрыс күн тәртібін сақтау;

  6. дұрыс ұйықтау;

  7. медициналық тексеруден уақытылы өту;

  8. гигиеналық дағдылар;

  9. коммуникативті дағдылар.

83. Білім алушылардың денсаулығына шағымдануына мән бермеу фактілеріне жол беруге болмайды.

84. Медициналық құжаттама дұрыс және сауатты толтырылуы тиіс.

85. Жалпы білім беретін ұйымдардың сыныптары үй-жайларының микроклиматын және білім алушылардың антропометриялық деректерін анықтау және бағалау іске асырылуы тиіс. Бұл кезде білім алушыларды үй-жайдан міндетті түрде шығару арқылы бейнетерминал немесе компьютер бар сынып үй-жайларын желдетуді бақылау қажет.

Қажет жағдайда мектеп басшылығына, денсаулық сақтау ұйымына тиісті ұсыныстар енгізу керек.

86. Білім алушыларды ауыз қуысының гигиенасы ережелеріне үйрету, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша консультация беру, білім алушыларға немесе олардың ата-аналарына тіс дәрігеріне қаралу қажеттігі туралы айтып тұру қажет.

87. Өз денсаулықтарын бағалау және оған көзқарасын қалыптастыру кезінде қосымша ақпарат алу және білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында олардың денсаулық жағдайы туралы сауалнама жүргізу қажет.

88. Бейнетерминалмен немесе компьютермен жұмыс жасау кезінде әр 20-25 мин. сайын көзге арналған жаттығулар жасауды бақылау қажет.

Жергілікті шаршауды басу үшін сабақтар арасындағы үзіліс кезінде 3-4 минут ішінде дене жаттығуларын жасап тұру керек.

Дене жаттығуларын екі рет: сабақтың 10-15 және 25-30– минуттарында жасау ұсынылады. Қимылдардың амплитудасы балалардың бірі-біріне кедергі келтірмеуі үшін аз болуы керек. 2-4 жаттығудың әрқайсысы 2-4 рет қайталануы тиіс.

Дене жаттығуларын бастаудың алдында педагог тапсырмаларды орындауды тоқтатуға, дене шынықтыруға дайындалуға команда береді. Жаттығуларды 2 аптада бір рет ауыстырған дұрыс, себебі бір жаттығуларды қайталау жалықтырады.

Дене шынықтыру үзілістері кезінде музыканы қоюға, әсіресе олар орталықтандырылған түрде, соңғы сабақтарда жасалғанда қоюға болады, себебі сабақ темпінен уақытша шығу және көңілді басқа нәрсеге аудару мүмкіндігі туады.

89. Жоспарлы тексеру өткізгеннен кейін жыл сайын (қазан айында) дене шынықтырумен айналысу үшін медициналық топтарға бөлуді анықтау арқылы білім алушылардың тізімі жасалуы қажет.

Тізім дене шынықтыру сабағы бойынша әр білім алушы үшін медициналық топты көрсету арқылы бұйрық шығару мақсатында мектеп басшылығына беріледі.

Оқу жылы аяқталғанға дейін топтарды динамикалық бақылау жүргізіледі.

Дене шынықтырумен айналысу үшін мынадай медициналық топтар бойынша бөлу жүргізіледі:


  1. негізгі топбұл топқа дене дамуы, денсаулық жағдайы ауытқушылықтарсыз немесе елеусіз, функционалды сипаты басым ауытқушылықтары бар, бірақ дене дайындығы жеткілікті білім алушылар жатады.

Сабақтарды мектеп бағдарламалары бойынша толық көлемде жүргізеді.

Бір спорт түрі бойынша жарыстарға қатысу арқылы мектептің спорт секцияларының бірінде немесе одан тыс жаттығуға рұқсат етіледі.

2) дайындық тобыбұл топқа дене дамуында, денсаулық жағдайында болмашы ауытқушылықтары бар, дене дайындығы жеткіліксіз білім алушыларды жатқызады.

Сабақтар мектеп бағдарламалары бойынша негізгі топпен бірге, кейбір дене шынықтыру жаттығуларын алып тастау арқылы жүргізіледі.

Жүгіруде, күштемелі жаттығуларда жүктеме шектеледі, қайталап секіру саны қысқартылады, қимыл-қозғалыс ойындарының ұзақтығы қысқартылады.

Бақылау сынақтары жалпы білім беретін ұйымның дәрігерінің немесе мейірбикесінің қызмет көрсетілетін емхананың ЖТД қорытындысының/анықтамасының негізіндегі рұқсатымен орындалады.

3) арнайы топ - оған денсаулық жағдайында мектептегі оқу жұмысын орындауға кедергі келтірмейтін, бірақ дене шынықтырумен айналысуға қарсы көрсетім болып табылатын айтарлықтай тұрақты немесе уақытша ауытқушылықтары бар білім алушыларды жатқызады.

Аурудан кейін дене шынықтыру сабағынан босату мерзімдері осы Нұсқаулыққа 15-қосымшада көрсетілген [1].

90. Мектепте есірткі сатуға күдік туған кезде бұл туралы жалпы білім беретін ұйымның басшылығына және құзіретті органдарға дереу хабар беріледі.

91. Отбасындағы ересек адамдардың тарапынан немесе мектепте көрсетілген зорлық-зомбылықтың кесірінен денсаулыққа зақым келуге күдік туған кезде орын алған жағдайдың анық-қанығына жеткенге дейін және одан кейін іс-әрекет ету және қолдау шаралары қабылданады. Мұндай жағдайда емдеу-профилактикалық көмек көрсетіледі, медициналық оңалту, қажет болған кезде ішкі істер органдарына хабарлау жүргізіледі.

92. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін белгілі жағдайлардағы мінез-құлық көрсету бойынша тақырыптық әңгімелесулер және нұсқамалар жүргізіледі.

Жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын жалпы білім беретін ұйымның басшысы бекітеді.

93. Шиеленісті оқиғалар мен буллингті болдырмау үшін жалпы білім беретін ұйымның психологы және мұғалімі шаралар қолданады.

94. Салауатты өмір салты мәселелері бойынша білім алушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен ақпаратты-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Ақпаратты-білім беру сабақтары жалпы білім беретін ұйымдардың 1-11 сыныптарының оқу бағдарламаларындағы «Денсаулық сабақтарында» және «Салауатты өмір салты негіздерінде» қарастырылады.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау бойынша әр сынып үшін ұсынылатын тақырыптардың тізбесі осы Нұсқаулыққа 16-қосымшада көрсетілген.

95. Жалпы және арнайы білім беретін ұйымдары топтарының (сыныптарының) толықтырылуы осы Нұсқаулыққа 17-қосымшаға сәйкес алынады [9].

96. Жалпы білім беретін ұйымдардағы сабақ ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныпта оқу жүктемесін біртіндеп көбейту арқылы сабақтардың «баспалдақты» режимі қолданылады. Қыркүйекте дене жаттығуларын және көзге арналған жаттығуларын өткізу арқылы үш сабақты 35 минуттан, қазан айынан бастап 40 минуттан өткізу жоспарланады.

97. Жалпы білім беретін барлық ұйымдардың білім алушыларына арналған сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы 5 минуттан, үлкен (2-ші және 3 сабақтардан кейінгі) үзіліс 30 минуттан тұрады. Үлкен бір үзілістің орынына екінші және төртінші сабақтардан кейін әрқайсысы 15 минутқа созылатын екі үзіліс жасауға рұқсат етіледі.

Үзілістерді таза ауада, қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау арқылы өткізеді.

Ауысымдардың арасында ылғалды тазалауға және желдетуге арналған, 40 минутқа созылатын үзіліс қарастырылады.

98. Мектеп алды сыныптарында рұқсат етілген сабақтардың ең жоғары саны – 25 – 30 минутқа созылатын төрт сабақ. Сабақтардың арасындағы үзілістер 10 минутқа жетуі тиіс.

99. Білім алушыларды және тәрбиеленушілерді:

есту, көру қабілеті нашарларын тақтаның алдындағы қатарлардағы бірінші үстелдерге;

жиі салқын тиіп ауыратындарын сыртқы қабырғадан алысырақ отырғызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет