Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шжқ рмк


Білім алушыларға медициналық қызмет түрлерін көрсететін медицина қызметкерлерінің құқықтары және міндеттері



бет7/12
Дата07.01.2022
өлшемі178,22 Kb.
#18471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
бала

3. Білім алушыларға медициналық қызмет түрлерін көрсететін медицина қызметкерлерінің құқықтары және міндеттері
37. Жалпы білім беретін ұйымның медициналық қызметкерлерінің (педиатр-дәрігер немесе ЖТД, мейіргер) функцияларына мыналар кіреді:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу Ережелеріне» бұйрығына сәйкес профилактикалық тексерулер жүргізу;

2) ата-аналардың келісімін ала отырып, осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне ссәйкес және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша иммундауды жүргізу;

3) объектілердің қызметкерлерінің профилактикалық медициналық қарап-тексеруден уақытылы өтуін есепке алу және бақылау және ас әзірлейтін блок жұмыскерлерінің денсаулығын күн сайын бақылау;

4) профилактикалық скринингтік зерттеулерге нысаналы топтарды профилактикалық қарап-тексеру жүргізу үшін білім алушылардың тізімін жасау;

5) білім алушыларды денсаулық жағдайлары бойынша сыныптан сыныпқа көшу және бітіру емтихандарынан босату мәселелерін шешуге қатысу, материалдар тиісті комиссиялардың қарауына беріледі;

Білім алушыларды денсаулық жағдайлары бойынша сыныптан сыныпқа көшу және бітіру емтихандарынан босату мәселелері дәрігерлік-консультациялық комиссияда (бұдан әрі – ДКК) шешіледі.

Білім алушыларда организм функцияларының тұрақты бұзылулары амбулаториялық науқастың медициналық картасында ДКК тексеру нәтижелері арқылы анықталған жағдайда медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу мәселесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен сәйкес қарастыру;

6) жалпы білім беретін ұйымда білім беру процесін ұйымдастыруды, дене тәрбиесін, еңбекке баулуды, білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды, олардың санитариялық-гигиеналық жағдайын бақылау;

7) мектеп қызметкерлерін және ас әзірлейтін блок қызметкерлерін медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыруды, жұмыс орындарында қызметкерлердің жеке медициналық кітапшаларының болуын қамтамасыз ету;

8) мектеп қызметкерлерін, ас әзірлейтін блок қызметкерлерін, 15 жастан асқан білім алушыларды және қауіп-қатер тобындағы адамдарды флюорографиялық тексеруді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;

9) созылмалы ауру түрлерімен есепте тұрған, қауіп-қатер факторлары бар білім алушыларды, сондай-ақ жекелеген жіті аурулармен ауырғандарды құрылған жоспар бойынша емдеуге жатқызу және сауықтыру;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік ұйымның аумақтық бөлімшелеріне сырқаттанушылық туралы ақпаратты жыл сайын және сұраным бойынша беру;

11) білім алушыларды денсаулық жағдайы (денсаулық топтары), физикалық даму топтары, диспансерлік бақылау, сауықтыру бойынша бөлу;

12) күнтізбелік 10 күнде негізгі азық-түлік бойынша тәуліктік нормалардың орындалуын одан әрі түзету және тағам өнімдері нормаларының орындалуын бақылау тізімдемесін осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес жүргізу арқылы күнтізбелік он күнде талдайды;

13) білім алушылардың немесе персоналдың арасында инфекциялық аурулар тіркелген кезде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шаралар жүргізу;

14) медициналық кабинеттердегі жабдықты және мүккәмалды Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген дезинфекциялық заттармен санитариялық-дезинфекциялық өңдеу;

15) кәмелеттік жасқа толмаған баланың денсаулық жағдайы туралы оның ата-анасын/қамқоршысын хабардар ету;

16) денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысу;

17) педагогикалық кеңестерге, ата-аналар жиналыстарына, бракеражды комиссияға қатысу;

18) инъекциялар (көктамырға, бұлшықетке, тері арасына және астына) салады, зертханалық зерттеулер жүргізу үшін білім алушылармен бірге дайындық іс-шараларын жүргізу;

19) денсаулық жағдайларын бақылау (артериялық қысымды өлшеу, антропометрия, термометрия жүргізу);

20) шұғыл медициналық көмек көрсету;

21) білім алушылардың қауіпсіз және дұрыс тамақтануын ұйымдастыруды бақылау;

22) білім алушылардың денсаулық жағдайларының жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, ауыз қуысы ауруларының профилактикасы және санациялау;

23) аурулардың алдын алу бойынша білім алушылар, мектеп персоналы және ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

24) жазғы сауықтыру демалысын өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету, дене тәрбиесі және шынықтыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

25) психикалық және эмоционалдық жағдайды қолдайтын, мінез-құлық қауіптілігі факторларын (стресс, ПБЗ қолдану және т.б.) азайтатын дағдыларды үйретеді және қорғаныш факторларын нығайтады;



26) превентивті шаралар қабылдау арқылы суицид қауіп-қатері тобындағы жасөспірімдерді анықтау/тану, сондай-ақ қажет болған жағдайда шұғыл көмек көрсету;

27) қауіп-қатерлердің жалпы белгілерін бағалау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, баланы кемсітудің және оған қатыгездік жасаудың профилактикасы;

28) осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізу;

29) біліктілігін арттыру және білімін жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет