Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет134/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

 


162 
тиімділігін арттыруына, қылтамырлық фильтрацияның азаюына және резорбцияның 
жоғарылауына, лимфалық дренаждың көбеюіне әкеледі. 
 
2 жағдаяттық тапсырма 
Науқас А., 32 жаста, босанғанға дейінгі бөлімшеге жүктіліктің түсік түсу қаупімен 
жеткізілді. Токолитик ретінде тамыр ішіне 2 сағат бойы минутына 30 тамшы 
жылдамдықпен этил спирті енгізілді. Тамырдың ішіне барлығы 500 мл натрий хлоридінің 
изотониялық ерітіндісіндегі 96% этил спиртінің 50 мл енгізілді. Соңынан, қан анализін 
тексергенде ұсақ түйіршік тәрізді эритроцитарлы агрегаттар байқалды.
1.
 
Науқаста микроциркуляцияның қандай бұзылысы дамыды? 
2.
 
Осы микроциркуляциялық бұзылыстың түрін анықтаңыз. 
3.
 
Қан жасушаларында агрегаттар түзілуінің механизмін түсіндіріңіз. 
Эритроциттердің агрегациясының патофизиоло-гиялық салдары қандай? 
Жауабы 
1.Науқаста микроциркуляцияның интраваскулярлы (тамырішілік) түрі дамыған. Бұл 
қан жасушаларының суспензиялық тұрақтылығы және қан тұтқырлығы бұзылуының 
нәтижесінде қанның реологиялық қасиетінің өзгеруінен туындаған.
2. Науқаста сладж – қанның агрегациялық жағдайы бұзылуының типті түрі дамыған. 
Қан жасушалары агрегаттарының өлшемі, олардың пішіні мен эритроциттер 
қаптамасының тығыз болуына қарай науқаста сладждың аморфты (түйіршік тәрізді) түрі 
деп диагноз қоюға болады.
3. Қан жасушалары агрегаттары белгілі бір тәртіппен түзіледі. Зақымданғаннан 
кейін алғашқы минуттарда қылтамырлар мен венулаларда хиломикрондар және 
тромбоциттерден құралған агрегаттар – ішек лимфасынан қанға келіп түсетін ірі липидті 
бөлшектер түзіледі. Олар «ақ тромб» түзумен қоса микро-тамырлардың қабырғасына 
тығыз бекітіледі немесе қантамырлық жүйелердің басқа бөлімдері арқылы тромб 
түзілуінің жаңа ошақтарына тасымалданады. Зақымданғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда 
венулалар мен артериолаларда қанағыстың азаюының нәтижесінде эритроцитарлық 
агрегаттар түзіледі.
Эритроциттердің агрегациясы микротамырлардың қуысын тарылтып, перфузияның 
бұзылыстарын туындатады. Бұл микро-тамырларда қан ағыстың азаюына немесе мүлдем 
тоқтауы, яғни стазға дейін әкеледі, қанағыстың турбулентті сипатын көрсетеді, 
транскапиллярлық алмасу процестерінің бұзылуына, гипоксия мен ацидоздың дамуына, 
тіндерде зат алмасудың бұзылуына әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет