31
2.Операциядан кейінгі кезеңнің ағымына зиян әдеттер кері әсерін тигізуі мүмкін
бе? Неге?
3.Хронаксиядан басқа, реактивтіліктің қандай физиологиялық көрсеткіштерін
білесіздер? Оларды атаңыз және қысқаша сипаттама беріңіз.
I.3-12 жағдаяттық тапсырма
49 жастағы науқас, Т., ентікпе, әлсіздік, қалшылдауға шағымданып, жедел түрде
ауруханаға жеткізілді. 2 сағат бұрын кеуде қуысының сол жағында ауырсыну сезімі,
мөлдір сұйықтық пен ақ қабыршақтардың үзінділері көптеп шығуымен қабаттасатын
жөтел ұстамасы байқалды. Бұрын өзін сау деп санайтын. Зиян әдеттердің ішінде – 30 жыл
бойы күніне 20 темекі тартады. Ауруханаға түскен кездегі жағдайы орташа. Сол өкпенің
төменгі бөлігінде – перкуссиялық дыбыстың жергілікті әлсіреуі, жайылған ылғал
сырылдармен қоса тыныстың нашарлауы. Рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде
анықталғаны: сол өкпеде контуры анық, біртегіс және сұйықтықпен жартылай толған,
пішіні дөңгелек қуыс (15 сурет) тіркелді. Қақырықтың микроскопиясында хитин
қабықшаларының үзінділері және алтыілмектік сколекстер табылды. Келесі диагноз
қойылды: «Сол өкпенің эхинококкозы». Операциялық ем жүргізілді. Операциядан кейінгі
жараның жазылуы баяу, эпителизациясы әлсіз болды. Операциядан кейінгі бесінші күнде
науқаста пневмония дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: