34
I.3-15 жағдаяттық тапсырма
42 жастағы Д. науқаста құрсақ қуысы пышақпен жарақаттанған. Науқастың
жағдайы ауыр. Жоғалған қанның көлемі 2 л. Науқас бозғылт, терісі суық, жабысқақ
термен жабылған. Ерні және мұрын-еріндік үшбұрыш көгерген. АҚ 75/30 мм с.б.б.
төмендеген, 120 мин
-1
дейін айқын тахикардия, айналымдағы қанның минөттік көлемі 2,8
л/мин дейін азайған. Науқасқа құрамына кристаллоидтар ерітіндісі, плазмаалмастырғы,
қан бөліктері кіретін инфузиялық ем жүргізілді.
1. Жедел қансыраудың патогенезіндегі негізгі түйінді анықтаңыз.
2. Гемодинамикалық көрсеткіштердің өзгерістері дамыған гиповолемияның
салдары болады ма ? Берілген жағдайда, патогенездік көзқарасқа сәйкес, инфузиялық
емді өткізу дұрыс па ?
3.Жедел қансырау кезінде қандай кері айналып соғу шеңбері дамуы мүмкін ?
I.3-16 жағдаяттық тапсырма
46 жастағы А. есімді науқас терапиялық бөлімге келесідей шағымдармен түсті:
жөтелгенде қақырықтың бөлінуі, температураның 38-39°С дейін көтерілуі, жалпы
әлсіздік, тершеңдік, басының ауруы. Ауру дамуын 3 сағат бойы мотоцикл айдауымен,
сондықтан қатты тоңуымен байланыстырды. Клиникалық және рентгенологиялық
зерттеулер нәтижесінде сол өкпенің төменбөліктік пневмониясы анықталған.
1.Реактивтіліктің қандай механизмдері осы ауруға резистенттіліктің
төмендеуіне себепші болды ?
2. Суық тиюден дамитын ауруларға организмнің резистенттілігін көтеруге
болады ма?Егер осындай мүмкіндік болса, негізгі шараларды атап кетіңіз.
3.Организмнің белсенді және енжарлы резистенттілікті қамтамасыз ететін
Достарыңызбен бөлісу: