60
1.
1. Науқаста шеткі қанайналым бұзылыстары байқалды ма? Жауабыңызды
негіздеңіз.
2. Көрсетілген әйгіленімдердің даму механизмі қандай?
3. Шеткі қанайналым бұзылыстарының осы түрінің дамуына тағы қандай
себептер ықпал етуі мүмкін?
4. Шеткі қанайналым бұзылыстарының осы түрінің салдары қандай болуы
мүмкін?
II.1-4 жағдаяттық тапсырма
Науқас М., көкірек қуысының оң бөлігін тесіп өткен жарақат бойынша хирургиялық
бөлімшеге жеткізілді. Плевра-пульмональді шок дамуын алдын-алу мақсатында науқасқа
А.В. Вишневский әдісі бойынша оңжақты вагосимпатикалық блокада жасалды (35 сурет).
Жарақат жергілікті жансыздандырылып тазаланды. Жарақат әр қабатымен тігіліп
асептикалық таңғышпен таңылды. Вагосимпати-калық блокададан кейін бетінің және
мойнының оң жағының қызаруы байқалды.
1.
Науқаста шеткі қанайналым бұзылыстарының қандай түрі дамыды?
2.
Шеткі қанайналым бұзылыстарының патогенезі қандай?
3.
Келтірілген
әйгіленімдердің
патогенезін
аймақтық
қан
ағыста,
тамыркеңіткіш әсері бар метаболиттердің жиналуымен түсіндіруге бола ма?
II.1-5 жағдаяттық тапсырма
Науқас М., 52 жаста, оң аяғының сан венасының тромбофлебиті бойынша қатаң
төсек күтімі тағайындалды. Науқас дәрігердің үкімін тыңдамастан, төсегін өзі жинай
бастағанда кенеттен қайтыс болды. Мәйітті ашқанда өкпе артериясының екі тармаққа
бөлінген аймағында тромбпен бітелгендігі анықталды (36 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: