Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет54/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   148
Байланысты:
Жалпы патофиз есеп жинағы

 
II.1-8 жағдаяттық тапсырма 
Науқас К., 17 жаста, артериялық қысымының жоғарылауына шағымданып
кардиологиялық бөлімшеге түсті. Объективті: бұлшық еттерінің дамуында 
сәйкессіздік бар – қолдарының, иығының бұлшық еттерінің гипертрофиясы, 
аяқтарының бұлшық еттерінің гипотрофиясы. Беті гиперемияланған. Қолдарының АҚ
190 және 100 мм сын.бағ., аяқтарының – 120 және 90 мм сын.бағ. (қалыпты жағдайда 
аяқтарының қысымы, қолдарына қарағанда 20-40 мм сын.бағ. жоғары болуы керек). 
Аяқтарының түсі бозғылт, салқын. Аортограммада аортаның коарктациясы – төменгі 
сол жақ бұғана асты артерияның бөлінуінен төмен орналасқан аорта мойнағының 
тарылуымен сипатталатын туа біткен кемістік анықталды (37 а, б суреті). 
а б 
 
37 а, б суреті 
Науқастың аортограммасы: а – алдыңғы-артқы проекциясы; б – екінші қисық 
стандартты проекция. Аортаның тарылуы бағыт белгісімен көрсетілген. 

 


63 
1.
 
Науқаста шеткі қанайналым бұзылысының қандай түрі 
дамыған? 
2. Науқаста дамыған шеткі қанайналым бұзылысының себебі не болуы мүмкін? 
3. Тарылған аймақтың қай бөлігінде коллатералдық қанайналым дамиды,- 
проксимальді ма, әлде дистальді ма? Коллатералдық қанайналымға қатысатын 
артерияларды атап өтіңіз.. 

II.1-9 жағдаяттық тапсырма 
Науқас М., 47 жаста, бауыр циррозы және таралған шемен болғандықтан 
лапароцентез жасалды. 15 минуттың ішінде 1,5 литр шемендік сұйықтық алынды, содан 
кейін науқас талықсып, есінен танып қалды. 
1.
 
 Науқаста дамыған шеткі қанайналым бұзылысының осы түрі қалай
аталады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет