97
52 сурет. Бронхоскопиялық көрініс: Өкпенің орталықты обыры, экзофитті
түрі: сол жақ жоғары бөліктік бронхыда беті тегіс, ашық-қызыл түсті ісік
байқалады.
1.
Науқастың жалпы жағдайының өзгерісін қалай түсіндіруге болады?
2. Клиникалық әйгіленімдері өспе патогенезінің қай сатысына сәйкескеледі?
Канцерогенездің осы сатысына сипаттама беріңіз.
3. Науқаста пайда болған өспенің ықтималды себептері қандай?
II.4-5 жағдаяттық тапсырма
Науқас Д., 58 жаста, ЛОР-бөлімшесіне, ылғи мұрнының бітіп қалатынына, іріңді-қан
аралас
бөлінділер шығатынына, көзінен жас ағатынына, басының шүйде
аймағының
ауыратынына шағымданып түсті . Соңғы 10 жыл көлемінде созылмалы гайморитпен
ауырады. Тексергенде, үстіңгі жақ қойнауында, кеңірсік пен
мұрын қуысын алып жатқан
өспе анықталды. Рентгенологиялық және цитологиялық зерттеулерден кейін: «Үстіңгі жақ
қойнауының жазық жасушылық обыры»
(
53а, б
суреті)
деген диагноз қойылды.
Операцияның алдында қашықтық гамма-терапия соңынан, электрохирургиялық операция
жасалды.