Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
Реперфузиялық ем 
қанағымның қалпына келуі, ми тініндегі 
перфузияның жақсаруы ( ишемиялық каскадтың 1-ші кезеңіне ықпал ету, 
яғни мидағы қанағымды азайту). Реперфузия әдістері келесі түрлерге 
бөлінеді: тромболизистік, антикоагулянттық және антиагреганттық 
терапия; гемодилюция әдісі; хирургиялық әдістер – микроанастомоздар 
құру, тромбоэктомия, артерияларға реконструкциялық операция жасау. 
Реперфузиялық емнің тиімділігі инсульттің патогенездік ерекшелігімен 
анықталады. Мысалы, тромбоз және эмболиялармен ми қантамырларының 
бүлінуі кезінде реперфузиялық емдеудің негізгі бағыты тромболизистік
(тромбтарды еріту) әдіс саналады. Реперфузиялық емдеу әдісінің тиімділігі 
алғашқы 36 сағаттың ішінде сақталады. Содан кейін, бұл әдісті қолданған 
кезде реперфузиялық бүлінудің өршуі ғана емес, сонымен бірге
геморрагиялық асқынулар да дамуы мүмкін. Сонымен, реперфузиялық 
әдісті ерте кезеңде, қысқа уақыт ішінде және белсенді түрде қолдану 
қажет. 
 

Нейропротекциялық ем (миды метаболизмдік қорғау) – 
ми 
инфаркты аумағының азаюы мен пенумбраның тіршілікке икемділігін 
сақтап қалумен қатар, глутамат-кальцийлік каскадты үзуге бағытталған іс 
шаралардың кешені. Реперфузиялық емдеу әдісімен салыстырғанда 
нейропротекциялық ем күрделі және алуан түрлі, өйткені, ми тінінің 
ишемиялық зардапталу механизмдеріне алуан түрлі жолдармен қарсы 
тұрады. 


53 
 
Тұтас алғанда, нейтропротекциялық емнің міндеттері саналады:
троболизис әдісін қолданатын науқастардың «терапиялық ұяшығын» 
кеңейту, патохимиялық каскадтың негізгі тізбегін үзу және ишемияның 
кешеуілдетілген салдарымен күресу. Нейропротекторларды ерте қолдану 
ТИА-ның үлесін арттырады және ишемиялық түрдегі мидың жіті 
қанайналым бұзылыстарының ішіндегі «шағын» инсульттерді көбейтеді, 
ми инфарктының көлемін азайтады, миды репефузиялық бүлінуден 
сақтайды.
Нейропротекцияның емдік әсерінің басты нысанасы «ишемиялық 
жартылай көлеңке» саналады. Нейропротекциялық ем негізі екі бағытқа 
бөлінеді – ілкі және екіншілкі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет