Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет44/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

3–кесте. Каспаздық каскад
(http://do.gendocs.ru) 
Бүлінген ДНҚ-ның 
қалпына келмеуі 
«Өлім 
рецепторларының» 
белсенуі 
Апоптоздың 
митохондриялық 
механизмі 
Прокаспаза-8 
белсенуі 
Цитохром С және 
прокаспаза 9-дың 
белсенуі 
эффекторлық, азаптаушы» 
каспаздардың (3, 6, 7) 
белсенуі 
Ядролық
нәруыздардың 
протеолизі 
белков 
Эндонукле-
азалардың 
белсенуі
Цитоплазмалық нәруыздардың 
протеолизі 
Жасуша ядросының 
бөлшектенуі 
Цитоплазманың 
бөлшектенуі 
Апоптоздық денешіктердің түзілуі 


49 
Каспаздық механизмге тәуелді апоптоздың ішкі жолында жасуша 
органеллалары стресстік бүлінудің нәтижесінде иницияцияланады. Бұл 
митохондриядан цитохром С пен Apaf-1протеазаны (apoptotic protease 
activating factor-1) босатады. Цитохром С пен Apaf-1протеаза прокаспаза 
9-ды бессендіруге қатысады. Осының нәтижесінде апоптосома деп 
аталатын кешен түзіледі. Апоптосома апоптоздық реакциялардың 
каскадын іске қосатын инициаторлық казпазды белсендіреді. Apaf-1 
нейрондардың жіті ишемиялық бүлінуінен кейінгі р-53 нәруызының 
проапоптоздық әсер етуінің басты нысанасы ретінде қызмет атқарады. Ал, 
р-53 нәруызы Apaf-1 генінен айырылған нейрондарда олардың 
транскрипциясын белсендіреді. Осының нәтижесінде апоптоз индукторы 
әсер еткеннен кейін олардың тірілу көрсеткіштері жоғарылайды.
Сонымен бірге, каспаздық механизмге тәуелді апоптоздың ішкі 
жолында каспаза-12 ферменті маңызды рөл атқарады. Бұл эндоплазмалық 
ретикулумның қызметі бұзылуынан туындаған апоптоз үдерісінде 
байланыстырушы қызметін атқарады. Эндоплазмалық ретикулумда 
орналасқан каспаза-12 ферментінің белсенуі цитохром С қатысуымен 
және кальцийдің мөлшерінің көбеюімен бірге жүреді. Цитохром С 
митохондриядан шыққаннан кейін эндоплазмалық ретикулумға өтіп
инозитол–1,4,5-трифосфатқа 
рецепторларды 
тежейді. 
Кальций 
каналдарының жұмысын бұзып, жасушада кальций иондарының мөлшерін 
көбейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет