Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Ми инфарктының геморрагиялық трансформациясы



Pdf көрінісі
бет34/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

4. Ми инфарктының геморрагиялық трансформациясы (ГТ). 
Геморрагиялық трансформацияның даму жиілігінің артуы инсульттің 
патогенездік сипатына, оның орналасуы мен зақымданған көлеміне 
байланысты. 
Осы 
гемморрагиялық 
трансформацияға 
айырықша 
бейімділкің пайда болуы кардиоэмболиялық инсульт кезінде және 
көптеген ишемиялық зақымданған аумақтары бар инсульттерде байқалады. 
Сонымен қатар, инсультке қарсы реперфузиялық ем қолданудың 
нәтижесінде ГТ-ның туындауы мүмкін. Ишемиямен бүлінген артериялар 
мен қылтамырлардағы қанағыстың қалпына келуімен бірге инфаркт 
аймағындағы ми тінінің реперфузиясына әкелетін эмболдардың 
фибринолизі геморрагиялық трансформация дамуының басты жолы болып 
саналады. Осының нәтижесінде инфаркт аумағында диапедез күшейеді 
және екіншілкі бассүйекішілік қанқұйылулардың 2 түрі: геморрагиялық 
инфаркт және инфаркт-гематома немесе паринхиматоздық гематома 
дамиды. 
Геморрагиялық 
инфаркт 
басқа 
жерге 
ауытқымайтын, 
ишемияланған ми тінінің қанмен сіңірілуімен және ми жасушаларының 
деструкциясымен сипатталады. Инфаркт-гематома жоғары тығыздықты 
гомогенді ошақтың пайда болуымен көрінеді және ми инфарктының 
белгілі бір аймағын алып жатады (16-сурет). 
16- сурет. 
Зардапталған ми тініндегі
 геморрагиялық трансформация 
аумағы 
(нұсқау белгімен көрсетілген) 
(Скворцова В.И., Волынский Ю.Д., 
Кириллов М.Г. Инсультті емдеуде 
таңдамалы 
артерияішілік 
тромбо-
лизисті алғаш рет қолдану әдісі 
//Диагностикалық 
және 
интервен-
циялық радиология – 2007, № 1)
 


38 
5. Қанның физикалық–химиялық қасиетінің өзгерістері. 
Қанның 
нәруыздық және электролиттік құрамының өзгеруі, қанның ұюы мен оның 
реологиялық қасиетінің бұзылуының нәтижесінде мидың жергілкі 
ишемиясы пайда болған жерлерінде қанағымның қиындауы байқалады.
Бұл өзгерістер эритроциттердің кермектігінің ұлғаюынан, тромбоциттер 
мен эритроциттердің агрегациясының күшеюінен, қан тұтқырлығының 
жоғарылауынан, 
альбуминдердің 
мөлшерінің 
көбеюінен 
және 
гиперпротромбинемия дамуының нәтижесінде туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет