Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


«Ишемиялық жартылай көлеңке» (ischemic penumbra)



Pdf көрінісі
бет31/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

2. «Ишемиялық жартылай көлеңке» (ischemic penumbra). 
Бұл 
тіршілікке икемді, инфарктты ядро аймағын қоршап жатқан ми тіндерінің 
ишемияға ұшыраған аумағы (14- сурет). 
Пенумбра аумағындағы қанағым екі ишемиялық меженің арасында 
тұрғандықтан, ми тінінің метаболизмдік сұрансын қатамасыз ете алмайтын 
өте аз немесе критикалық перфузияның деңгейіне сәйкес келеді. Ми 
қанағымының бірінші критикалық деңгейі жасушалардың биоэлектрлік 
белсенділігіне тән және оның мөлшері 20мл/100 г/мин
–1
құрайды. Ал, екінші 
критикалық деңгейі иондық жасушалық сорғы қызметіне тән және 
жасушалық гомеостазды ұстап тұрады, мөлшері 15мл/100 г/мин
–1
тең. Осы 
екі деңгейдің арасында орналасқан көлемдік қанағымы бар жасушалар 
ишемиялық 
жартылай 
көлеңкені 
қалыптастырады. 
Бұл 
аумақта 
нейрондардың құрылымдық-морфологиялық ұйымдастырылуы сақталған, 
бірақ, оның функциялық белсенділігінде кемістік бар. Яғни, нейрондардың
электрлік белсенділігі жойылған. Ишемиялық жартылай көлеңкедегі 
қанағым аумағының мозаикалылық сипаты бар. Бұл микроциркуляцияның 
ерекшелігіне, 
қанағымның 
жергілкі 
түрде 
жойылып 
кетуіне 
(редукциясына), 
қанның 
реологиялық 
қасиетіне 
байланысты. 
Микрогемоциркуляцияның бұзылуы, артериялар, қылтамырлар және басқа 
микротамырлардың микротромбтармен бітелуі бірінші орынды алады. Бұл 
өзгерістерді пенумбраның мозаикалылық қасиетінің ерекшелігімен 
14- сурет. Ишемия аумағы 
1 - Ядролық аумақ – құрамында 
қайтымсыз зардапталған нейрондар 
болатын аумақ.
2 - Пенумбра – құрылымдық емес, 
функциялық бұзылыстар байқалатын 
ишемиялық жартылай көлеңке аумағы.
3 - Маргиналдық аумақ – нейрондарда 
құрылымдық 
және 
функциялық 
бұзылыстар байқалмайтын мидың 
аумағы, бірақ, инсульттің қолайсыз 
ағымында патологиялық процесстер 
дамуы мүмкін. 
 


35 
түсіндіреді. «Ишемиялық жартылай көлеңке» бөлімінде жасушалардың өлуі 
инфактке ұшыраған аймақтың ұлғаюына әкеледі. Бірақ, бұл жасушалар 
белгілі бір уақытқа дейін өзінің тіршілік етуін сақтай алады, сондықтан, 
қанағымның қалпына келуі оларда дамитын қайтымсыз өзгерістердің алдын 
алады. 
«Ишемиялық 
жартылай 
көлеңке» 
аймағындағы 
нерв 
жасушаларының қалпына келуінің ұзақтығы әлі толығымен анықталмаған. 
Бірақ, көптеген нерв жасушалары үшін бұл уақыт 3–6 сағатпен (кейде 2–3 
тәулікке дейін созылуы мүмкін) шектелген. Осы уақыт аралығы «емдік 
ұяшық» деп аталады. Өйткені, бұл уақытта жасушалардағы «ишемиялық 
жартылай көлеңке» аумағына тиімді ем қолдануға және жасушалар 
өліеттенуінің алдын алуға болады.
Қолайсыз жағдайда 6 сағат өткен соң ми инфарктының көптеген бөлігі 
өзінің құрылуын аяқтайды. Пенумбра аумағында жасушалардың өлеттенуін 
туындататын күрделі патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер 
дамиды. Пенумбра аумағындағы нейрондар өліеттенуінің негізгі 
механизміне: глутаматты эксайтоуыттылық, перифокалды деполяризация 
толқыны, қабыну және репефузиялық бұзылыстар мен апоптоз жатады (15-
сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет