Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет137/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   200
Ерлі 

зайыптылардың жеке жəне мүліктік емес құқықтары мен 
міндеттері.
Ерлі 

зайыптылардың құқықтары мен міндеттері АХАЖ 
органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген
күннен бастап туындайды. Ерлі 

зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады жəне тең міндеттер атқарады. Ерлі 

зайыптылардың əрқайсысы қызмет, кəсіп түрін, тұрғылықты жерді тандауда 


~216~ 
ерікті. Ана, əке болу, балаларды тəрбиелеу, оларға білім беру мəселелері мен 
отбасы өмірінің басқа да мəселелерін ерлі 

зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі 

зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық жəне өзара көмек 
негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жəрдемдесуге, өз 
балаларының денсаулығына, өсіп 

жетілуіне жəне олардың əл 

ауқаты 
жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Ерлі 

зайыптылардың мүліктік емес жеке құқықтары

Некеге тұру кезінде 
ерлі 

зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ ретінде өздерінің біреуінің тегін 
тандап алады не ерлі 

зайыптылардың əрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі 
тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі 

зайыптылардың береуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді 
қосуға жол берілмейді. Ерлі 

зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші 
жұбайдың тегін өзгертуіне əкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі 

зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін 
қалпына келтіруге құқылы.
Сонымен, ерлі 

зайыптылардың мүліктік емес қатынастарына: 
айналысатын ісін, кəсібін, мамандығын, тұратын жерін, аты 

жөнін, тегін тандау 
еркі жатады. Аналық, əкелік, баланы тəрбиелеу, білім беру, отбасының тағы 
басқа мəселелерін ерлі 

зайыптылар өзара ақылдасып, бірігіп шешеді. Ерлі 

зайыптылар отбасындағы өздерінің қатынастарында бір 

бірін сыйлауға, өзара 
көмек көрсетуге, отбасының біріктігін нығайтуға, отбасы мүшелерінің, 
балалардың денсаулығы сақтауға, олардың өсуіне дұрыс жағдайлар туғызуға 
міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет